Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Салыстырмалы диагностикасы. Синдромның қарапайым вирилді түрін бүйрек үсті безі мен гонадалардың андрогенөндіруші ісіктерімен



Синдромның қарапайым вирилді түрін бүйрек үсті безі мен гонадалардың андрогенөндіруші ісіктерімен, ер балаларда идиопатикалық мерзімінен ерте жыныстық жетілумен салыстырмалы диагностикалау қажет. Р450с21 тапшылығының тұз жоғалту түрін бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясының сирек түрлерімен, псевдогиперальдостеронизммен және бірқатар басқа жағдайлармен салыстырмалы диагностикалау керек.

Салыстырмалы диагностикалау барасында 17-OHPg шекаралық жоғары деңгейін интерпретациялау үлкен мәселе туындатады. Себебі, сары денемен синтезделетін 17-OHPg менструальды циклдің екінші кезеңінде сәл жоғарылайтын болса, ал жүктілік кезінде үнемі жоғары деңгейде болады. Сонымен қатар, жүктілік кезінде әдетте жалпы тестостерон және басқа андрогендер мөлшерінің де шамалы жоғарылауы, синдромның классикалық емес түрінің гипердиагностикалануына әкеледі.

Емі

Классикалық түрлерінде жас балаларға 15–20 мг/м2 тәуліктік мөлшерде таблетка түріндегі гидрокортизон немесе 5 мг/м2 преднизолон тағайындалады. Тәуліктік мөлшері екі рет қабылдауға бөлінеді: таңертең мөлшердің 1/3 бөлігін, қалған 2/3 бөлігі гипофизбен АКТГ өндірілуін максимальды тежеу үшін түнде қабылданады. Тұз жоғалту түрінде қосымша флудрокортизон (50–200 мкг/тәу) тағайындалады. Ауыр ілеспелі аурулар кезінде және операциялық араласуларда глюкокортикоидтар мөлшерін жоғарылату қажет. Генетикалық жынысы әйел болып, синдромның вирилді түрі диагнозы кеш қойылса, сыртқы жыныс мүшелерінің пластикалық операциясын жасауға болады.

Р450с21 тапшылығы нәтижесінде дамитын постпубертаттық (классикалық емес) түрінде айқын косметикалық (гирсутизм, акне) немесе фертильдік төмендегенде ғана терапия тағайындалады. Әдетте 0,25–0,5 мг мөлшерде дексаметазон немесе 2,5–5 мг преднизолон түнде тағайындалады. Гирсутизм және акне антиандрогендердің (ципротерон) көмегімен, құрамында эстрогені бар оральды контрацептивтермен бірге емделеді. P450c21 тапшылығының классикалық емес түрімен сырқаттанған ер адамдарға емдік шаралар тағайындалмайды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 285 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...