Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Этиологиясы. Деструктивті АИТ-тің барлық түрлері ТПО-АД тасымалдаушыларында дамығандықтан этиологиясы созылмалы АИТ-пен ұқсас



Деструктивті АИТ-тің барлық түрлері ТПО-АД тасымалдаушыларында дамығандықтан этиологиясы созылмалы АИТ-пен ұқсас, ал ҚБ лимфоцитарлы инфильтрация мен лимфоидты фолликулалардың түзілуі дамиды. Босанудан кейінгі тиреоидиттің себебі ретінде табиғи гестациялы иммуносупрессиядан (рикошета феномені) кейін дамитын иммунды жүйенің шектен тыс реактивациясы қарастырылады, ал ол осыған бейім адамдарда (ТПО-АД тасымалдаушылары) деструктивті АИТ тудырады. Ауыру сезімінсіз дамитын тиреоидиттің («үнсіз») дамуына әкелетін түрткілер әлі күнге дейін белгісіз. Бұл деструктивті тиреоидиттің түрі босанудан кейінгі тиреоидиттің толық аналогы болып табылады, бірақ ерекшелігі жүктіліктен тыс дамиды. Цитокин-индуцирлеген тиреоидиттің дамуына түрлі аурулар кезінде (Гепатит С, қан аурулары) интерферон препараттарын қабылдау әкеледі, дегенмен тиреоидиттің дамуы мен интерферон терапиясының ұзақтығы арасындағы нақты уақыттық байланыс анықталмаған: тиреоидит емнің басында да, айлардан кейін де көрініс беруі мүмкін.

3.24 сурет. Деструктивті тиреотоксикоздың табиғи ағымы

3.24 сурет Транзиторный гипотиреоз- Транзиторлы гипотиреоз Деструктивный тиреотоксикоз- Деструктивті тиреотоксикоз Гипотиреоз- Гипотиреоз Тиреотоксикоз- Тиреотоксикоз Время- Уақыт Эутиреоз- Эутиреоз Функция щитовидной железы- Қалқанша бездің қызметі Восстановление эутиреоза- Эутиреоздың қалпына келуі

Патогенезі

Деструктивті АИТ-тың барлық түрлерінде бірнеше кезеңдер болады (3.24 сурет). Тиреотоксикалық кезең тироцитке антиденетәуелді комплемент шабуы нәтижесінде қан арнасына тиреоидты гормондардың бөлінуімен сипатталады. ҚБ деструкциясы айқын дамыса, екінші кезең орнайды- бір жылдам астам уақытқа созылатын гипотиреоидты кезең. Уақыт өте ҚБ қызметі қалыптаса бастайды, бірақ бірқатар жағдайларда гипотиреоз тұрақтылық танытады. Деструктивті АИТ-тің барлық үш түрінде үрдіс монофазалық сипатта өту мүмкін (тек тиреотоксикалық немесе тек гипотиреоидты кезең).





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 350 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...