Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға



Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануына бағытталған шаралар кешені.

Қоғамның дамуы адамның өміртіршілігін жеңілдетуге бағытталған айрықша жасанды орта туғызды. Бұл ыңғайлылық пен жеңілділік адамдардың қалаларға жиналуының арқасында әрі адамдардың мамандануынан туып отыр. Өз жеке шаруашылығын жүргізіп отырған адамның қолынан бәрі де келеді, жан-жақты істей алады. Ал қала тұрғыны көбінесе бағытталған мамандардың иесі, үй-тұрмысы тіршілігіне қамы жоқ, сондықтан құбырдан судың ағуы, электр жүйесінің бұзылуының өзі қалаларды қиын жағдайға душар етеді.

Адамды қоршап жатқан ортаның бәрі потенциалды апат туғызады. Бұл апаттар кез келген уақытта болып қалуы мүмкін. Сондықтан адамның өзімен қоса, мемлекет өз адамдарының өмір қауіпсіздігіне жауапты. Төтенше жағдайларды ескеріп, алдын алу – мемлекеттің бірден бір шарасы.

«Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері» – адам өміріне төнетін жалпы қауіп – қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал – жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с.). «Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты – қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау – осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми - әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады. Адам қоршап жатқан ортаның бәрі потенциалды апат туғызады. Бұл апаттар кез келген уақытта болып қалуы мүмкін. Сондықтан адамның өзімен қоса, мемлекет өз азаматтарының өмір қауіпсіздігіне жауапты. Төтенше жағдайларды ескеріп, алдын алу - мемлекеттің бірден - бір шарасы.

Осы есептеу – графикалық жұмысты жасау барысында біз болуы мүмкін кейбір төтенше жағдайларды және соған байланысты іс-шараларды оқып үйренеміз.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 760 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...