Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүйе ұғымы



Дәріс №1

Ақпараттық жүйелер теориясына кіріспе.

Ақпарат ұғымы

Жүйе ұғымы

1. Ақпарат ұғымы зат, энергия және ақпараттың өзін түрлендірумен байланысты процестерді жақсарту мүкіндігін беретін жаңа мәліметтерді атайды. Ақпарат ұғымы ақпараттандыру ұғымымен тікелей байланысты, сондықтан онымен қатар ақпараттың көзі және ақпаратты тұтынушы ұғымдарын қарастырған жөн. Ақпарат тұтынушының маңызы мынадай анықтамаларда көрсетілген. Ақпарат дегеніміз - тұтынушының қабылдаған, түсінген және пайдалы ретінде бағаланған жаңа мәліметтер. Ақпарат деп тұтынушының білімдер қорын кеңейтетін мәліметтерді атайды.

Ақпарат 3 кезеңде «өмір сүреді»:

1) Ассимиляцияланған ақпарат – өзіндік түсініктер және бағалау жүйесіне қабылданған хабарламаның адам саласында бейнеленуі.

2) Құжатталған ақпарат – қандай да бір физикалық тасымалдаушыда таңбалық формада жазылған мәліметтер.

3) Жіберілетін ақпарат – ақпараттың ақпарат көзінен қабылдаушыға жіберілу мезетінде қарастырылатын мәліметтер.

Көп жағдайда құжатталған және жіберілетін ақпарат қарастырылады. Ақпараттың үлкен көлемі таңбалар көмегімен жинақталады, жіберіледі және өңделеді. Таңбалар деп ақпарат көзімен қабылдаушы арасындағы ақпараттың мағыналық мазмұны жөніндегі келісім бар болған жағдайдағы ақпаратты жібере алатын сигналды атайды. Осындай келісім орнатылған таңбалар жиыны таңбалық жүйе деп аталады. Көптеген таңбалық жүйелерді шектеу шын мәнінде мүмкін емес, дегенмен ақпаратты ЭЕМ көмегімен өңдеуде таңбалардың шектелген нақты тізімі қолданылуы міндетті.

Тұтынушының ақпаратты дұрыс қабылдауы ақпараттық шу да түрлі кедергілердің әсерінен қиындауы мүмкін. Шудың 3 түрін бөліп қарауға болады, сәйкесінше оларды шектейтін 3 ақпараттық фильтр қолданылады:

1. Синтаксистік фильтр – тасымалдаушыда сақталынатын немесе жіберілетін таңбалар тізбегінде олардың мағыналық мәні жоқ бөліктері болуы мүмкін. Осы бөліктер синтаксистік шуды құрайды және оларды синтаксистік фильтр анықтайды. Фильтр дұрыс (мағыналы) және дұрыс емес (мағынасыз) таңбалар тізбектерін айыра алатын шешуші ережелердің жиынынан құралады.

2. Семантикалық фильтр – семантикалық шудың алғашқы аспектісі қабылданатын хабарламада жаңа мәліметтердің болмауымен байланысты, яғни хабарлама тұтынушының білімін кеңейтеді. Семантикалық шудың 2-ші аспектісі синтаксистік фильтрден жалған хабарламаның өтуімен байланысты.

3. Прагматикалық фильтр – ақпараттың тұтынушы үшін құндылық деңгейін анықтайды. Прагматикалық бағалау элементтері әдетте ақпараттың толықтығын (құбылысты толық сипаттайтын) оның уақытқа сәйкестілігін, ықшамдылығын,қолданымдылығы және қол жетімділігін қамтиды.

Ақпарат алғаш көзінен тұтынушыға дейін кодтаушы және кері кодтаушы құрылғылар, есептегіш машина т.б. сияқты түрлендірушіден өтеді. Түрлендірудің аралық кезеңдерінде хабарламалардың семантикалық және прагматикалық қасиеттері тұтынушыдан алшақтығына байланысты қарастырмай қалады. Сондықтан ақпарат ұғымы «берілгендер» ұғымымен алмастырылады.

Берілгендер бір-бірімен лексикалық және синтаксистік түрде байланысқан тұжырымдар, деректер мен сандардың жиынтығын құрайды. Лексикалық қатар тіл құрылымындағы тұрақты байланыстарды сипаттайды,ал хабарламаның жекеленген бөліктерінің арасындағы байланыстар синтаксистік қатынастармен сипатталады. Семантикалық және прагматикалық фильтрлар деректерге әсер етпейді. Ақпарат пен деректер арасындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда,олар синонимдер ретінде қолданылады.

Экономикалық ақпарат ұғымын анықтау үшін экономикалық процестерді айқындап алу қажет. Жалпы түрдегі экономикалық процестер ретінде материалдық құндылық өндірісі, таратылуы және тұтынылуы қарастырылады.Аталған процестер жөніндегі ақпарат алгоритмдердің қолданылуымен арифметикалық берілгендерге қолданылатын логикалық амалдар (реттеу, таңдау,жөндеу) үлесінің үлкен болуымен бастапқы және нәтижелік мәндерді кестелік түрде бейнелеуімен ерекшеленеді.

Экономикалық ақпараттың классификациялануы орындалатын маңызды белгілері ретінде мыналарды атауға болады:

- Берілген басқару жүйесіне қатысы бұл белгі хабарламаларды кіріс,ішкі және шығыс ақпаратты деп бөлу мүмкіндігін береді.

- Уақыт белігсі – хабарламаларды уақытқа қатысты перспективті және ретроспективті болып бөлінеді. Бірінші класқа жоспарлы және болжам ақпараты, ал екіншіге есепке алу деректері жатады.Келіп теру уақытына байланысты хабарламалар периодты және периодты емес болып бөлінеді.

- Функционалдық белгілері - экономикалық объектінің функционалдық ішкі жүйелері бойынша классификация орындалады. Мысалы, еңбек ресурстары,өндіріс процестері, қаржылар жөніндегі ақпарат.

2. Жалпы бүтін болып әрекет ететін өзара байланысты элементтердің кешені жүйе ұғымын қамтиды.Жүйе деп бір жағынан жалпы бүтін болатын,екінші жағынан өзара байланысқан құрамдас бөліктердің жиыны ретінде қарастыратын кез келген объектіні атайды. Жүйе құрамына мынадай компоненттер енеді:

1. Құрылым - жүйенің элементтерінің жиыны және олардың арасындағы өзара байланыстар. Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады.

2. Кіріс және шығыстар.

3. Жүйенің «өмір сүру» заңы – кіріс және шығыс өзгерісін байланыстыратын функция.

4. Мақсат және шектеулер – жүйенің сапалы қызмет етуі белгілі бір айнымалының мәндерімен байланысты.Айнымалылардың біреуі әдетте максималды мәнге бағытталып, мақсаттық функция немесе жай ғана мақсатты анықтайды, ал қалған айнымалыларға шектеулер қойылады.

Жүйенің мынадай қасиеттерін қарастырайық: салыстырмалылық, бөлінгіштік, тұтастық.

Салыстырмалылық қасиеті – жүйенің элементтерінің өзара байланыстарының кірістері, шығыстары, мақсаттары мен шектеулерінің зерттеу мақсатына тәуелді екендігін анықтайды.

Бөлінгіштік қасиеті - жүйенің әрқайсысы жеке жүйе ретінде қарастырыла алатын ішкі жүйелерге бөліне алатындығын анықтайды.

Тұтастық қасиеті – жүйенің толық әрекет етуіндегі,оның ішкі жүйелерінің іс-әрекетімен сәйкесті келісілген түрде ұйымдастырылатындығын анықтайды.

Экономикалық ақпараттық жүйелер нақты өмірдегі қандай да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жөніндегі ақпаратты жинақтаумен, сақтаумен,өңдеу және тасымалдаумен айналысады. Олар деректерді өңдеу мәселесін шешуге, құжаттық жұмыстарды автоматтандыруға, керекті ақпаратты іздеуге және жасанды интеллект әдісіне негізделген шешім қабылдауға арналған.

Дәріс №2

Экономикалық ақпараттық жүйелерді құру және олардың қызмет ету принциптері.

Экономикалық ақпараттық жүйелер үшін оларды құру және жүзеге асырудың мынадай принциптері бар:

- Сәйкестілік. Экономикалық ақпараттық жүйелер берілген объектінің сәйкесті тиімділікпен қызмет етуін қамсыздандыруы қажет тиімділік. Критерийі сандық түрде анықталуы тиіс.

- Үнемділік. Экономикалық ақпараттық жүйедегі ақпаратты өңдеуге кететін шығындар сол ақпаратты объектіде қолдана алатын экономикалық табыстан кем болмауы тиіс.

- Рекламенттік. Экономикалық ақпараттық жүйедегі ақпараттың үлкен көлемі сәйкесті кесте бойынша қатаң периодты түрде келіп түседі және өңделеді.

- Өзіндік бақылау.Экономикалық ақпараттық жүйелер деректермен оларды өңдеу процесінде жіберілетін қателерді анықтау және жөндеу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуі тиіс.

- Интегралдығы. Экономикалық ақпараттық жүйеге бір рет енгізілген ақпарат бірнеше рет, бірнеше мақсатта қолданыла алатындай болуы тиіс.

- Икемділігі. Экономикалық ақпараттық жүйенің сыртқы жағдайдың өзгеруіне байланысты өзінің құрылымы мен тиімді шешім алу мақсатында орындайтын іс-әрекетін өзгерте алу мүмкіндігі.

Экономикалық ақпараттық жүйенің басқа өзгешелігі ретінде ақпараттың үлкен көлемін салыстырмалы қарапайым алгоритімдермен өңдейтінін және деректерді өңдеудің логикалық әдістерінің үлкен үлесіммен көлемді ақпараттың құжат түрінде бейнеленуін атауға болады. Ақпараттық жүйені жасауда оның әрекет етуінің сапалылығын объективті түрде бағалау қажеттілігі пайда болады.Мұндай бағалаудың қажеттілігі қазіргі заманғы күрделі, жоғары, бағалы ақпараттық жүйелердің жасалуына айтарлықтай ресурстардың шығындалатынымен байланысты. Ақпараттық жүйедегі жұмыстың тиімділігі тиімділік критерийлері деп аталатын сандық көрсеткіштердің жиыны көмегімен сипатталады. Критерийдің әрқайсысы экономикалық ақпараттық жүйені жобалау немесе жүзеге асырудың нәтиежесімен, оның алуына қойылған мақсаттар арасындағы сәйкестілік деңгейлерін сандық түрде анықтайды. Критерий ретінде алынған шама мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

- жүйені жобалау процесімен тікелей тәуелді болуы тиіс;

- жүйе мақсаттарының бірін көрнекі бейнелеуі тиіс;

- есептеудің салыстырмалы түрдегі қарапайым алгоритімін қолдануы тиіс;

- тәжірибелік деректер бойынша жуық түрдегі баға беруі тиіс;

Экономикалық ақпараттық жүйе әдетте критерийлердің көмегімен бағаланады, ал бағалау объектілері ретінде мыналарды қарастырамыз:

- тұтас жүйе;

- жүйені жобалау кезеңінің жекеленген құраушылары;

- жүйені эксплуатациялау, яғни қолдану кезеңінің маңызды компоненттері;

Кез келген экономикалық ақпараттық жүйенің жүзеге асырылуы бірнеше мақсаттардың сәтті орындалуына бағытталған. Мақсаттарының әдеттегі тізіміне мыналар енеді:

1.Объектіні басқару тиімділігін жоғарлату. Оған:

С1 - қабылданатын шешім үшін ақпараттың толық болуы;

С2 - ақпаратты мүмкіндігінше жоғары жылдамдықпен сипаттау;

С3 - ақпараттық жүйенің тұтынушылармен өзара әрекеттестігін мүмкіндігінше ыңғайлы түрде жүргізу;

2. Экономикалық ақпараттық жүйе ресурстарын тиімді қолдану.

С4 - Экономикалық ақпараттық жүйесін жасау, қолдану және жетілдіруге кететін шығындарды қысқарту;

С5 - деректердің көлемінен қажетті ақпаратты мүмкіндігінше алу;

С6 - деректер қоймасындағы артық ақпараттың көлемін азайту;

Аталған мақсаттардың критерийлері ретінде мыналарды атауға болады:

К1 - деректер қоймасындағы ақпараттың көлемінің басқару объектісіндегі ақпарат көлеміне қатынасы;

К2 - тұтынушылардың қажетті ақпаратқа сұраныс жасауына және оны басқаруда қолданылуына шығындалатын уақыт;

К3 - Экономикалық ақпараттық жүйедегі ақпаратты өңдеу уақыты;

К4 - Экономикалық ақпараттық жүйесін жасау, жүзеге асыру және жетілдіруге арналған қаржылық салымдар мен ағымдағы шығындардың қосынды шамасы;

К5 - Кіріс және шығыс ақпараттың қатынасы;

К6 - Деректердің жалпы көлеміндегі артық ақпараттың үлесі;

Көрсетілген мақсаттарға бір кезде қол жеткізу тәжірибе жүзінде мүмкін емес. Мысалы, Экономикалық ақпараттық жүйенің К1 және К2 бойынша тиімділікті жоғарылату К4 көтертді және жүйе нәтижесінің сипаты С4 мақсатына қарсы болады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1699 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...