Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кеңейтілген жергілікті желілер



Өткізгішсіз компоненттердің кейбір типтері кеңейтілген жергілікті есептеу желілерінде, олардың ұқсасы – кабельді желілерінде сияқты қызмет етуге қабілетті. Өткізгішсіз көпір, мысалы бір бірінен үш милге дейінгі қашықтықта орналасқан желілерді байланыстырады (сурет 18).

Өткізгішсіз көпір (wireless bridge) деп аталатын компонент кабельдің қатысуынсыз ғимараттар арасында байланысты орнатуға көмектеседі. Қарапайым көпір адамдарға өзеннің бір жағасынан екінші жағасына өтуге қызмет етсе, сол сияқты өткізгішсіз көпір мәліметтер үшін екі ғимарат арасында жол салады. AIRLAN/Bridge Plus көпірі, мысалы, шашыраңқы спектріндегі радиоберу технологиясын ЛВС байланыстыратын магистральді жасау үшін пайдаланады. Олардың арасындағы қашықтық жағдайға байланысты 5 км дейін жетуі мүмкін. Мұндай құрылғыны эксплуатациялау құны қымбат болып көрінбейді, өйткені байланыс сызығын жалдау қажеттілігі болмайды.

көпір

Егер өткізгішсіз көпір «қамтитын» қашықтық жеткіліксіз болса, алысқа әсер ету көпірін орнатуға болады. Ethernet және Token Ring желілерімен жұмыс істеу үшін қашықтығы 40м ол шашыраңқы спектрдегі радиоберу технологиясын пайдаланыды. Оның құны (қарапайым өткізгішсіз көпір сияқты) қанағаттанарлықтай болуы мүмкін, өйткені микротолқынды каналдар немесе Т1 сызығын жалдау шығыны болмайды. Т1 сызығы бұл мәліметтерді 1,544 Мбит/с дейін жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін арналған стандартты сандық сызық. Онымен сөйлеген сөзді және мәліметтерді беруге болады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 467 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...