Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Репитер



Сурет 2. Репитер

6. Егер компьютерлер бір нүктеден шығып тұрған кабель сегменттеріне қосылып тұрса, (HUB концентраторы) мұндай топология жұлдыз деп аталады. «Жұлдыз» топологиясында барлық компьютерлер желінің сегменттерінің көмегімен орталық құрауыштарға қосылады, бұл (HAB) концентраторы деп аталады. Беріп тұрған компьютердің сигналдары концентратор арқылы барлық қалған компьютерлерге түседі. Бұл желінің тез әрекетін көбейтеді. «Жұлдызда» мәліметтерді беру технологиясы әдетте «шина» топологиясымен ұқсас. Сондықтан «жұлдыз» - бұл орталық күшейтетін және комутациялайтын жабдығы бар «шина» деп есептеуге болады. Концентраттар активті (күшейтетін) және пассивті (желіні күшейтусіз қосатын), сонымен қатар гибридтік (пассивті жіне активті режимде жұмыс істей алатын) болады.

PC5 PC6

                                 
PC4       КОНЦЕНТРАТОР   PC1
                                 
                                 

PC3 PC2

Сурет 3. «Жұлдыз» типінің желісі

7. Егер компьютерлер қосылған кабельдер сақинамен бекітілсе, мұндай топология «сақина» деп

аталады.          
                 
        PC1        
               
                 
                 
  PC4       PC2  
                 

PC3

Сурет. 4. «Сақина» типінің желісі

Сақина топологиясында сигналдар бір бағытта сақина бойынша беріледі (сағат тілі бойынша) және әрбір компьютер арқылы өтеді. Бұл технологияда әрбір компьютер репитер болып табылады, ал мәліметтерді «маркерді» пайдалану арқылы «сақина» бойынша ақпараттарды беру деп аталады. Маркерді беру кезінде (мәліметтері бар арнайы микрофайл) ол бір ізділікпен бір компьютерден басқаға оны мәліметтерді беретін қабылдамайынша беріліп отырады. Маркерді қабылдаған («алып алған») компьютер оған берілетін ақпаратты, өзінің мекен-жайын және алушының мекен-жайын орналастырады. Бұдан кейін


маркер ары қарай сақинаға жіберіледі. Маркермен мәліметтер әрбір компьютер арқылы маркерде көрсетілген алушының мекен-жайымен мекен-жайы сәйкес келмейінше өтіп отырады. Қабылдаушы компьютер маркерді алады, одан мәліметтерді алып, маркерге сәтті қабылданған ақпараттың кодын орналастырады және өзгертілген маркерді ары қарай сақина бойынша жіберген компьютерге жібереді. Жіберген компьютер расталған маркерді алып оны сақинадағы келесі компьютерге (маркерді «босатып») береді.

8. «Сақина» топологиясында мәліметтерді беруде әрбір компьютер жіберу үшін тепе-тең уақыт квантын алады, мәліметтерді жіберуге деген бәсекелестік және монополия болмайды.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 531 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...