Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Base-2 стандарты



10Base-2 стандарты беруші орта ретінде орталық мыс өткізгішінің диаметрі 0,89 мм және сыртқы диаметрі шамамен 5 мм коаксиалдық кабельді қолданады. Кабельдің 50 Ом толқындық кедергісі бар. Мұндай сипаттамаларға RG-58/U, RG58 A/U, RG-58 C/U маркаларының кабельдері ие.

Қайталаушысы жоқ сегменттің барынша көп ұзындығы 185 м құрайды, сегменттің ұштарында 50 Омдық келісуші терминаторлар болуы тиіс. Жіңішке коаксиалдық кабель жуанға қарағанда арзандау, сондықтан 10Base-2 желісін кейде Cheapernet (cheaper - арзандау) желісі деп атайды. Бірақ арзан болғандығы үшін сапасы нашарлайды – “жіңішке” коаксилдың бөгеуілдерден қорғалуы нашар, механикалық беріктігі нашар және өткізу жолағы жіңішкелеу.

Станциялар кабельге жоғары жиіліктегі BNC Т-коннектордың көмегімен қосылады, ол бір ұшы желілік адаптерге қосылатын, ал қалған екеуі – кабель үзілістерінің екі ұштарымен жалғасатын үштік болып табылады. Бір сегментке қосылатын станциялардың барынша көп саны – 30. Станциялардың арасындағы ең аз қашықтық – 1 м. Кабельдің 1 м қадаммен түйіндерді қосуға арналған белгілемесі бар.

10Base-2 стандарты сондай-ақ қолданылуы “5-4-3 ережесіне” сәйкес болуы тиіс қайталаушыларды қолдануды көздейді. Бұл жағдайда желінің барынша көп ұзындығы 5*185=925 м болады. Бұл шектеу 2500 метрлік жалпы шектеулерге қарағанда күштірек болып табылатындығы көрініп тұр.

10Base-2 стандарты 10Base-5 стандартына өте жақын. Бірақ ондағы трансиверлер жіңішке кабельдің желілік адаптердің платасының шығушы ажыратқысына тікелей қосыла алатындығының есебінен желілік адаптерлермен біріктірілген. Кабель бұл жағдайда желілік адаптерде “ілініп тұр”, бұл компьютерлердің физикалық қозғалысын қиындатады.

Бұл стандарттың іс жүзінде іске асырылуы кабельдік желі үшін ең қарапайым шешімге алып келеді, өйткені комьютерлерді жалғастыру үшін тек желілік адаптерлер, Т-коннекторлар және 50 Омдық терминаторлар ғана қажет болады. Дегенмен кабельдік қосылыстардың бұл түрі апаттар мен зақымдалуларға көп ұшырайды: кабель “жуан” коаксилге қарағанда бөгеуілдерге сезімтал, моноарнада механикалық қосылыстардың көп мөлшері бар, қолданушылардың ажыратқыларға қолдары жетеді және моноарнаның тұтастығын бұзуы мүмкін.

10Base-5 және 10Base-2 стандарттарының ортақ кемшіліктері болып моноарнаның жағдайы туралы оперативтік ақпараттың болмауы табылады. Зақымдалу бірден анықталады (желі жұмыс істемей қалады), бірақ кабельдің істен шыққан бөлігін іздеу үшін арнайы аспап - кабельдік тесттеуші қажет.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 580 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...