Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ



Әр адам мен қоғам өмірінде жер маңызды экологиялық, экономикалық және саяси рөлге ие. Жер – бұл мемлекет территориясы. Адамның шаруашылық қызметі объектісі ретінде жер орман және ауыл шаруашылығындағы ең негізгі құрал болып табылады. Сонымен бірге жер халық шаруашылығының барлық саласының дамуы үшін кеңістік негіз болып табылады.

Заңды тілмен жер дегеніміз не? Заңнамаға сәйкес жер дегеніміз − Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Бұл мағынада жер шаршы метр және гектармен өлшенеді. Заң бойынша жер деген ұғым сипатталғанда ең алдымен жердің сапасы деген элемент те кіруі қажет. Жерді қорғаумен бірге топырақты қорғау да қоса айтылады. «Топырақ» органикалық және органикалық емес факторлардың үздіксіз әсерінен пайда болған жердің беткі қабаты. Оның қалыңдығы екі метрге дейін жетеді. Осыған байланысты жерді құқықтық қорғаудың мақсаты жердің аумағын емес, оның сапалы күйін сақтау болып табылады. Топырақтың физикалық, химиялық, географиялық, экономикалық, шаруашылық сипаттары жердің түрлері мен санаттарға бөлу негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жер мынандай санаттарға бөлінеді:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;

3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жерi;

6) су қорының жерi;

7) босалқы жер.

Жерлердің аталған санаттарға жатуы және бір санаттан екінші санатқа ауыстыру заңнамада көзделген нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты. Жерлерді санаттарға бөлу үлкен экологиялық маңызға ие. Экологиялық маңызды және құнды жерлер бөлек санаттарға бөлінген. Жер заңнамасында олардың құқықтық режимі айқындалады. Жерлерді пайдалану мен жалға беру барысында жер санаттары мен сапасы міндетті түрде ескеріледі.

Жер заңнамасында жерді қорғауға байланысты жер пайдаланушыларға, жер иеленушілерге нақты талаптар бекітілген. Жерді қорғау дегеніміз жерді ұтымды пайдалану, зиянды болдырмау, сондай ақ жерді қалпына келтіру мен топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, т.б. шаралар жүйесі.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2095 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...