Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рметті қазақстандықтар!



Менің отандастарым!

Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің әрқайсыларыңызға сөз арнаймын.

Ел алдында ірі мәселелер тұр. Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін.

Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?

Мен 2050 жылғы қазақстандықтар - үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.

Олар - әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар - өз елінің патриоттары.

Мен 2050 жылғы Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол - барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.

Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра алмайды.

Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады.

Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтып аламыз.

Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.

***

Ымбатты отандастар!

«Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге - қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі.

Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.

Үдеудің сыры - бірлікте,





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 266 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...