Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде анықтауға жататын мәселелер



1. Мұнай өнімдері, жанар-жағар май және жеңіл тұтанатын заттар. Зерттеу мақсаты – заттың табиғатын, оның топтық және туыстық қатысын, бензиннің сауда маркасын, заттардың нақты көлемдерін сәйкестендіруді белгілейді:

- зерттеуге ұсынылған зат мұнай өнімі болып табылады ма;

- зерттелетін зат өнімнің қандай тобына, маркасына жатады:

- зерттелетін заттың негізгі тағайындалуы қандай;

- зерттелетін сұйықтық жеңіл тұтанатын сұйықтық тобына жатады ма.

2. Есірткі құралдары және күшті әсер ететін заттар. Зерттеу мақсаты – объектілерді тану, олардың табиғатын, класын белгілеу:

- зерттеуге ұсынылған зат есірткі құралы болып табылады ма, егер солай болса, онда қайсысы;

- күшті әсер ететін немесе улы заттар болып табылады ма, егер солай болса, онда қайсысы;

- заттардың саны қанша.

3. Бағалы металдар, қорытпалар және олардан жасалған бұйымдар:

- зерттелетін зат қандай металдан жасалған және неден тұрады;

- бағалы металдың проценттік құрамы қандай;

- заттың салмағы қандай;

- зерттелетін зат валюталық құнды болып табылады ма;

- зерттелетін заттың шығу тегін белгілеу;

- зерттелетін заттың көркемдік-мәдени және тарихи құндылығын анықтау.

4. Полимерлі материалдар және олардан жасалған бұйымдар:

- пластмассалардан жасалған бұйымдардың топтарын анықтау;

- осы зат полимер болып табылады ма;

- полимер қандай типке, түрге, маркаға жатады;

- негізгі заттың құрамы қандай;

- бірлескен полимерлердің ара-қатынасын анықтау.

5. Тамақ өнімдері. Зерттеу мақсаты – өнімдерді олардың атауларына сәйкестігін теңестіру, тамақ өнімдерінің сорттылығын және сапасын белгілеу:

- зерттеу объектісі ас қоспалары болып табылады ма;

- сигареталарды шығарған елді анықтау;

- бала тамағына немесе диабеттік тамаққа қатысы;

- зерттеуге ұсынылған өнімнің қауіпсіздік сертификатына сәйкестігі;

- зерттелетін өнімде гербицидтер, пестицидтер (атауын көрсете отырып), нитраттардың болуы; егер солай болса, онда қандай концентрацияға жатады; СЭҚ ТН бойынша тауардың кедендік атауын анықтау;

- негізгі компоненттердің сандық ара-қатынасы.

Тамақ өнімдері сараптамасының объектілері ет және ет өнімдері; балық және балық өнімдері; сүт және сүт өнімдері; қант және кондитерлік бұйымдар; бал; ас майлары және майлар; кофе, шай, какао және олардан жасалған өнімдер; көкөністер; алкогольдық сусындар және т.б.

7. Алкогольдық сусындар:

- нормативтік құжаттар бойынша сапасын анықтау;

- шарап, арақ, коньяк физикалық-химиялық көрсеткіштер: толық құйылуы, спирт, қант, титрленетін қышқыл құрамы бойынша стандартқа сәйкес келе ме;

- шарап, арақ, коньяк этикеткада көрсетілген атауға сәйкес келе ме;

- шараптың табиғилығын анықтау;

- спирттің, коньяк спиртінің және шарап материалдарының сәйкестігі.

_________________________





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 581 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...