Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ою әдісімен сұрыптау алгоритмін сипаттаңыз



Сұрыптау (Сортировка; sorting) - массив элементтерін белгілі бір заңдылықпен орындарын ауыстырып реттеупроцессін айтамыз. Мысалы, сандар массивін өсуі, кемуі бойынша сұрыптау, жолдар массивін алфавит бойынша сұрыптау және тағы басқа. Сұрыптау мақсаты - көптеген сұрыпталған обьектінің ішінен белгілі бір элементті іздеуді оңайлату. Ақпараттық жүйелерде мәліметтерді сұрыптаудың маңызы өте зор.

Қою арқылы сұрыптау алгоритмінің күрделілігі . Қою арқылы сұрыптау алгоритмін кішкентай (он шақты элементі бар) массивтерді сұрыптау үшін қолдануға болады. Бұл алгоритм берілген массив неғұрлым сұрыпталған болса, алгоритмнің жылдамдығы соғұрлым артады.

Айталық сізге массив берілді. Массив элементтерін «Қою арқылы сұрыптау» тәсілімен төменнен жоғары қарай былай сұрыптаймыз:
Массивтің екінші элементін аламыз оны бірінші элементпен салыстырамыз, егер екінші элемент бірінші элементтен кіші болса, екінші элементті біріншінің, бірінші элементті екеншінің орнына орналастырамыз. Егер екінші элемент бірінші элементтен үлкен немесе тең болса, ешнәрсе істемей процессті жалғастыра береміз. Сосын үшінші элементті алып екінші элементпен салыстырамыз, егер үшінші элемент екінші элементтен кішкентай болса, олардың орындарын ауыстырамыз, содан кейін (екіншінің орнына келген үшінші элементті) бірінші элементпен салыстырамыз. Осы процесс массив аяқталғанша жалғаса береді. Соңында элементтері сұрыпталған массивке қол жеткіземіз.

# include <iostream>

using namespace std;

int main()

void Sort(int* arr,int n)

{

int counter=0;

for(int i=1;i<n;i++){

for(int j=i; j>0 && arr[j-1]>arr[j];j--){

counter++;

int tmp=arr[j-1];

arr[j-1]=arr[j];

arr[j]=tmp;

}

}

cout<<counter<<endl;

}





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1055 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...