Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ОҚытушыныҢ басшылыҒымен Өзiндiк жҰмыс сабаҚтарҒа арналҒан Әдістемелік Ұсыныс



Курс: 5

Пән: Неонатология

Электив: «Құрсақішілік инфекциялардың емі мен диагностикасына заманауи көзқарас»

Мамандық: 051301 – Жалпы медицина

Алматы, 2013

Кафедра жиылысында қаралып, мақұлданған «26» тамыз 2013ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі,м.ғ.д. Божбанбаева Н.С.

1. №1 тақырып: Ана мен бала және терапия жүйесіндегі ҚІИ диагностикасының алгоритмін құру.ҚІИ алдын-алу.

2. Сабақ мақсаты: Студенттерде құрсақ ішілік инфекциялар,олардың клиникалық көрінісі,ана мен баланың перинатальды патологиясындағы рөлі және ұрықтың құрсақ ішілік инфицирлену факторының маңызы туралы білімін қалыптастыру.

3.Оқыту мақсаты:

· Студенттерді ұрық пен нәрестенің құрсақ ішілік инфицирлену қаупі факторларымен таныстыру

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Құрсақ ішілік дамудың кезеңдері.

· Перинатальды патология

· ҚІИ жұқтырудың қауіп факторлары

· Инфекционды үрдіс, құрсақ ішілік инфицирлену, құрсақ ішілік инфекция туралы түсінік.

· Ұрықтың құрсақ ішілік инфицирленужолдары мен механизмі.

· ҚІИ этиопатогенезі

· Құрсақ ішілік инфекция және оның ұрық пен нәрестенің инфицирлену мерзіміне байланысты клиникалық көрінісі.

· Жаңа туған нәрестелердегі ҚІИ клиникалық симптомдары

· Құрсақ ішілік инфекциясы бар нәрестелердегі анамнез ерекшеліктері (социальды, биологиялық, генетикалық)

· ҚІИ нәтижесі

5.Оқытудың және сабақ жүргізудің әдістері: Практикалық сабақтарды жүргізу: Кейс-стадиялар, іскерлік және рөлдік ойындар, қиындық дискуссиялары, милық штурм әдісі (милық шабуыл), «балық сүйегі» әдісі





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 428 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...