Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Хронометраж. Операционалды компетенция



Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Бастапқы білім деңгейін бағалау – 10 мин.

· Инновациялық әдісті қолдану арқылы тақырыптың негізгі сұрақтарын бақылау – 37 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы – 25 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 20 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мидың қанмен қамтамасыз етуін жақсартатын заттар. Жіктелуі.

2. Ми қанайналымының жедел бұзылысы кезінде қолданылатын препараттардың әсер ету принциптері. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

3. Ми қанайналымының созылмалы бұзылысы кезінде препараттарды тағайындаудың негізгі принциптері. Негізгі препараттардың фармакологиялық тұрғыдан бағалау.

4. Ми қанайналымы бұзылысы кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде қолданылатын заттар (базистік ем). Жіктелуі.

5. Ми қанайналымының жедел бұзылысы кезіндегі патогенетикалық емнің (ауруханалық емдеу) негізгі бағыттары

6. Нейропротективті заттар. Біріншілік нейропротекция. Емдеудің негізгі бағыты. Препараттардың әсер ету принциптері.

7. Екіншілік нейропротекция. Емдеудің негізгі бағыты. Препараттардың әсер ету принциптері.

8. Нейрометаболикалық заттар. Ноотропты заттардың әсер ету ерекшеліктері. Жіктелуі.

5. Оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау, кейс-стади.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии.\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

Бағдарламалық препараттар: викасол, фибриноген, аминокапрон қышқылы, контрикал, транексамқышқылы, ацетилслицилқышқылы, дипиридамол, тиклопидин, пентоксифиллин, абциксимаб, клопидогрель, гепарин, фраксипарин, варфарин, стрептокиназа, стрептодеказа, урокиназа, алтеплаза, фибринолизин, пирацетам, аминолон, пантогам, пиридитол, глицин, семакс, церебролизин, циннаризин, нимодипин, эуфиллин, винпоцетин, ксантинола никотинат, кофеин, ницерголин, цитиколин, этамзилат

Рецепт жазуға арналған препараттар: гепарин, аминокапрон қышқылы, пирацетам, винпоцетин

7.Бақылау: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Антиагреганттық қасиетке ие препарат:

1.Тиклопидин.

2.Ацетилсалицил қышқылы.

3.Клопидогрел.

4.Дипиридамол.

5.Викасол.

Тест №2. Ми қанайналымының жедел бұзылысында (ишемиялық инсультте) қолданылатын препараттар:

1. Гепарин.

2. Пирацетам.

3. Пентоксифиллин.

4. Церебролизин.

5. Викасол.

Тест №3Ми қанайналымының жедел бұзылысында(геморрагиялық инсультте) қолданылады:

1. Гепарин.

2. Викасол.

3. Стрептолиазу.

4. Альтеплазу.

5. Фибринолизин.

Тест №4 Ми қанайналымын жақсартатын препарат, барвинок алкалоидтарының туындысы:

1. Нимодипин.

2. Циннаризин.

3. Винпоцетин (кавинтон).

4. Ницерголин.

5. Пирацетам.

Тест №5 Нимодипин жатады:

1. L-типті кальций каналдарының тежегіштеріне.

2.Барвинок алколоидтарының туындыларына.

3.Қастауыш алколоидтарының туындыларына.

4.Никотин қышқылының туындыларына.

5.Ксантин туындыларына.

Тест №6 Ми қанайналымын жақсартатын зат (барвинок алкалоидының туындысы):

1.Гепарин

2.Нимодипин

3.Глицин

4.Цитиколин

5.Винпоцетин

Тест №7. Тобын анықтау. Мидың зат алмасу үдерістері мен қанайналымына оң әсерін тигізеді. тотығу-тотықсыздану үдерістерін ынталандырады, мидың ишемияланған бөлімдерінде қанайналымды жақсартады. Жүйке жүйесінің түрлі ауруларында, тамырлық аурулар, мидың алмасу үдерістерінің бүзылуына байланысты дамыған ауруларын емдеуде, сондай-ақ геронтологиялық практикада қолданылады:

1.Тыныштандырғыш заттар

2.Психостимуляторлар

3.Ноотропты заттар

4.Нейролептиктер

5.Қабынуға қарсы заттар

Тест №8. Ми қанайналымын жақсартатын препараттар:

1. Нимодипин.

2. Винпоцетин.

3. Ницерголин.

4. Ксантинол никотинаты.

5. Топиромат

Тест №9. Ницерголин жатады:

1. Никотин қышқылының туындына.

2. Ксантин туындысына.

3. Қастауыш алколоидының туындысы.

4. Барвинок алколоидының туындысы.

5. ГАМК туындысы.

Тест № 10. Пирацетамға тән әсер:

1. Тырысуға қарсы

2. Гипертензиялық

3. Депрессияға қарсы

4. Тыныштандырғыш

5. Психоынталандырғыш

№2 сабақ

1.Тақырыбы: «Ми қабығының қабыну ауруларының этиопатогенитикалық және симтоматикалық емнің негізгі бағыттары»

2. Мақсаты: Ми қабығының қабыну арауларында қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық негізгі заңдылықтары жайлы білімді қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Ми қабаыну араулары кезінде қолданылатын дәрілік препараттардың жалпы сипаттамасына арналған білімдерін меңгеру, әсер механизмін, заттардың фармакологиялық және жанама әсерлерін түсіну.

2. Ми қабынуы арулуары кезіне қолданылатын дәрілік препараттардың негізіг принциптерін білу.

3. Қолданылатын дәрілік заттардың қалыптарын, қабылдау тәсілдерін, және рецепт жазу дағдыларына үйрену.

4. Ми қабатының қабыну ауруларында дәрілік препараттың қолдануға қарсы көрсетулерді анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Дәрілік заттардың әсерлерін күшейту үшін жұптастыруын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену.

Операционалды компетенция:

1. Ми қабатының патологиясында қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жаза білу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Ми қабатының қабыну ауруларында препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 286 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...