Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖаҺандану жағдайындағы еуразиялық интеграциялық үдерістер



Негізгі түсініктер: еуразиялық интеграция экономикалық кеңістікБіртұтас экономикалық кеңістік

1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық -2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.

ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сонымен қатар ТМД-ның ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.

Бұл ұйымға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты ЕурАзЭҚ-тың басқару органдары болып белгіленді.

2003 жылы мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретінде мойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 жылдың 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы келесі қадам – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа ресми түрде 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекеті: Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қол қойды. Кейіннен Беларусь қосылды. Ұйымның жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік кеңестер хатшылық комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығықызмет жасайды.

Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен ТМД, ЕурАзЭҚ ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда ҰҚШҰ-ның маңызы зор.

Қазақстан тек Орталық Азия аймағында ғана емес, Еуразия аймағында да ықпалдастыққа ұмтылуда. Әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны ерекше. Ол бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен ерекшеленеді. Олар: аумақтық мәселені шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктер; әскери саладағы тығыз ынтымақтастық; басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнату; экономикалық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы нақты жобалар. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыныңнегізін қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Өзбекстанның қабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құру туралы» Декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды. Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм ұғымдарына анықтама берілді. Бір қызығы, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы ықпалдастыққа ұмтылатын ұйым болып табылады.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК ) АӨСШК құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.

І Саммитте екі маңызды құжатқа: Алматы актісі мен АӨСШК Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы Декларацияға қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АӨСШК Азиядағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.

2004 жылы қазан айындағы АӨСШК мүше елдерінің ІІ кездесуінде Сенім шаралар каталогы қабылданды. Бұл әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ке мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.

ІІ Саммит 2006 жылы маусым айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан айынан бастап Азия кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Қазақстан АӨСШК құру туралы идеяны ұсынушы ғана емес, осы идеяны іс-жүзіне асырушы мемлекет. Бұл еліміздің ұйым төрағалығына екі мерзімге яғни 2002-2006 жылдардағы (бірінші мерзім) және 2006-2010 жылдардағы (екінші мерзім) сайлануынан да көрінеді. Бүгінгі күні еліміз АӨСШК-тің 2010 жылы өткізілетін ІІІ Саммитіне дайындық үстінде.

ШЫҰ мен АӨСШК тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-бірі қайталамайды, әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастық ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы маңызды фактор ретінде танылып отыр.

2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина Президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті (мұнан әрі - БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. БЭК Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жүзеге асырудың бір жолы. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тың дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.

Қазіргі кезде ЕурАзЭҚ – бұл әлемдегі үлкен территорияға орналасқан, мол минералдық-шикізаттық қорға ие және айтарлықтай экономикалық әлеуеті бар аймақтық ірі рынок. ТМД Статистикалық комитетінің есебінше, оның әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 2010 жылы 4,4 пайызды құрады. Қоғамдастық елдерінде әлемдегі барланған мұнай қорының 8,5 пайызы, табиғи газдың 25 пайызы, көмір­дің 22 пайызы, тұщы су мен орман алқа­бының 20 пайыздан астамы орналасқан.

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кедендік аумағында еркін сауда режімін қамтамасыз етіп, олардың арасындағы тауар айналымын 2000 жылғы 29 млрд. доллардан 2008 жылы 123 млрд. долларға дейін, яғни 4,2 есеге өсірді. Бұл эконо­микалық интеграцияның келесі сатысы – Кеден одағын құруға сенімді негіз болып, логикалық алғышарт жасады.

2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақ­стан және Беларусьтің ішкі шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақы­лау мен тіркеудің барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары орган – Кеден одағы комиссиясы (КТС) жұмысын бастады.

2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастайды

БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсен­діліктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұн­дай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсе­тудің сапасын жақсартудың ма­ңыз­ды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіп­орындарда бәсекеге қабілетті өнім­дер шығаруға және оларды дамудың ин­нова­ция­лық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды [2].

Елбасы Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көш соңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның бел ортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей және Мұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік ролді атқарады». «Біз – еуразиялық елміз, өзіміздің тарихымыз, өзіміздің болашағымыз бар. Сондықтан да, біздің моделіміз басқалардың ешқайсысына ұқсамайды. Ол әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін бойына сіңіреді» деп айтқаны, қазіргі кезде Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты және өзара түсiнiстiктегi жаһандық деңгейде нығайтуда зор үлес қосуының мәнін нақты айқындап көрсетеді. Бүгінде халықаралық қоғамдастық біздің елімізді жаһандық үдерістерге беделді де ықпалды қатысушы ретінде танып білді.

Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кезде посткеңестік елдер арасындағы экономикалық ықпалдасудың тиімді және тиімсіз жақтарын салыстыра отырып қарастыру.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Мансуров Т.А. Бизнес в ЕврАзЭС в условиях Таможенного союза и Единого экономического пространства. «Литер», Казахстан, 26 сентября 2011 г.

2. Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии — будущее, которое рождается сегодня // «Известия», 3 октября 2011 г.

3. Лукашенко А.Г. О судьбах нашей интеграции // «Известия», 18 октября 2011 г.

Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: от идеи к истории будущего // «Известия», 26 октября 2011 г.

4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі;

Міндетті әдебиеттер тізімі:

Гумилев Л.Н. Көне түріктер (Орыс тілінен ауд. Ә.Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Білім», 1994. - 480 б.

Гумилев Л.Н. Хұндар. (Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Қазақстан», 1998.-528 б.

Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1989. - 764 с.

Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: эпохи и цивилизации. М., 1993.

Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920

Қосымша әдебиеттер тізімі:

Вернадский Г.В. Монгольское иго в русской истории//Евразийский временник. 1927.

Трубецкой Н.С. О туранском элементе в русской культуре // На путях: Утверждение евразийцев.- Берлин, 1922. Кн. 2.

Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие: Культурно-исторический очерк Монгольской империи XII-XIV века.- Белград, 1929.

Назарбаев Н.А. Евразийское пространство: интеграционный потенциал // Евразийский союз: идеи, практика, перспективы: 1994-1997.- Москва, 1997.

5. Білім алушының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар және/немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау;

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі:

1. «Исход к Востоку Утверждение евразийцев Предчувствия и свершения Книга 1» атты жинақ қай жылы жарық көрді?

2. «Евразийские хроники » атты жинақ қай жылдар аралығында шығарылды?

3. Лев Гумилевтің қандай ғылыми еңбектері бар?

4. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толкынында» еңбегі қай жылы жарық көрді?

5. «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал мен оның жүзеге асырылуы» еңбегінің авторы кім?

6. Адаптация дегеніміз не?

7. Этникалық жүйе дегеніміз не?

8. «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность» жолдар авторы кім?

9. «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» атты жинақ қай қалада басылды?

10. Субпассионар адамдар түсінігі

11. «Россия и латинство. Сборник статей» атты жинақ қашан шықты?

12. Пассионарлықтың латынша мағынасы қандай?

13. «Евразийство» деген мақала авторы?

14. «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» атты жинақ қай жылы шықты?

15. Л.Н. Гумилев қашан және қай жерде дүниеге келді?

16. 1980-ші жылдардың соңында «соңғы еуразияшыл» атанған ғалым?

17. Н.Ә. Назарбаев қай жылы «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» жобасын ұсынды?

18. Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык» кітабы қай жылы қайта басылып шықты?

19. «Исход к Востоку» еңбегі қашан қайта жарияланды?

20. Суперэтнос түсінігі.

21. «Мен бақытты адаммын, мен әмір еткенді емес, ойлағанымды, қалағанымды жазамын» деп кім айтқан?

22. «Черная легенда. Друзья и недруги Великой Степи» авторы кім?

23. «Еуропа и человечество» еңбегінің авторы?

24. Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты еңбегі қай жылы жарияланды?

25. Этникалық дәстүр түсінігі.

26. «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая» атты жинақ қай жылы жарық көрді?

27. «Византизм и славянство» атты еңбек авторы кім?

28. София қаласында еуразияшыл топтың өткізген семинары қай жылы өтті?

29. «Еуразия жүрегінде» атты еңбек авторы кім?

30. «Біз – еуразиялық елміз, өзіміздің тарихымыз, өзіміздің болашағымыз бар. Сондықтан да, біздің моделіміз басқалардың ешқайсысына ұқсамайды. Ол әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін бойына сіңіреді» деп айтқан кім?

31. «Евразия» газеті қай жылдар аралығында шығарылды?

32. Л.Н.Гумилевтің кандидаттық диссертациясының тақырыбы қандай?

33. ҰҚШ құрамында қандай мемлекеттер бар?

34. «Степь и оседлость» атты мақала авторы кім?

35. Пассионарлық импульс түсінігі.

36. «Евразийство как исторический замысел» атты мақала авторы кім?

37. «Отличительной чертой этноса является деление мира надвое: "мы" и "не мы", или все остальные» деп кім айтқан?

38. «Тридцатые годы Утверждение евразийцев. Книга седьмая» атты жинақ қай жерден жарияланды?

39. «Әрбір славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек» жолдарының авторы кім?

40. Субэтнос түсінігі.

41. Этногенез түсінігі.

42. Пассионар адамдар түсінігі.

43. Этникалық тарих түсінігі.

44. «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил»- деген жолдар авторы кім?

45. О. Сүлейменовтың «АЗиЯ» атты еңбегі қай жылы жарық көрді?

46. КСРО-да ХХ ғасырдың екінші жартысында еуразияшылдық дәстүрлерін белсенді насихаттаған кім?

47. Орталық Азиялық Экономикалық Қауымдастық қай жылы құрылды?

48. «Евразийская концепция русской истории» атты мақала авторы?

49. Пассионарлық теоря авторы?

50. ШЫҰ қашан құрылды?

51. «... Вне этноса нет ни одного человека на земле, и каждый - я сейчас цитирую собственную книгу - на вопрос "Кто ты?" ответит: "русский", "француз", "перс", "масаи" и т. д., не задумавшись ни на минуту» деп кім айтты?

52. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – де Л.Н. Гумилевтің мұражай кабинеті қай жылы ашылды?

53. «О туранском элементе в русской культуре» еңбегін жазған ғалым?

54. Комплиментарлық түсінігі.

55. «Чингис-хан как полководец и его наследие» атты еңбектің авторы кім?

56. «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ» авторы?

57. Л. Гумилевтің «Древние тюрки» кітабы қай жылы шықты?

58. «Древняя Русь» деген еңбек авторы?

59. «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі қай жылы жарық көрді?

60. «О задачах кочевниковедения» атты еңбектің авторы кім?

61. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің құрылуы туралы Жарлыққа қашан қол қойды?

62. «Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық миссиясы» атты еңбектің авторы кім?

63. «Поворот к Востоку» деген мақала авторы?

64. Біртұтас экономикалық кеңістік құрамындағы мемлекеттер?

65. ЕрАзЭҚ-тың ең жоғарғы органы?

66. Еуразиялық Экономикалық қауымдастықғы қай жылы құрылды?

67. ТМД-ның қандай мемлекеттері Еуразия Экономикалық Қауымдастығы-ЕурАзЭҚ-ның құрылғандығы туралы Келісімге қол қойды?

68. Қай жылы Л.Н.Гумилев соғысқа өз тілегі бойынша аттанды?

69. «Еуропаға жол» бағдарламасы қашан қабылданды?

70. 1995 ж. құрылған Кедендік Одақ құрамына төмендегі қай мемлекеттер енді?

71. ЕврАзЭҚ-ның қандай реттеуші органдары бар?

72. Н.Назарбаевтың "Еуразия- біздің ортақ үйіміз" атты еңбегінің тұсаукесері қашан және қайда жасалды?

73. «Ұжымдық қауіпсіздік шартына» қай жылы қол қойылды?

74. 2000 ж. ЕурАзЭҚ құрамына енген мемлекеттер?

75. «Қазақстанның болашағы – Азияда да, Еуропада да, Батыста да, Шығыста да, ғаламдық Солтүстікте де, Оңтүстікте де. Мұндай бағыт орасан зор мүмкіншілік береді» деп айтқан кім?

76. Алаш қашан құрылды, партияның бағдарламасы.

77. Алашорда үкіметінің Батыс бөлімін кімдер басқарды?

78. «Мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық» деген қанатты сөздің авторы кім?

79. ЕурАзЭҚ-ті құру 1994 ж. қай қаладан басталды?

80. ЕурАзЭҚ-ті БҰҰ қашан мойындады?

81. АӨСШК қашан құрылды?

82. ҚР Президентінің 1992 ж. БҰҰ 47-ші сессиясында қай күн Азия кеңесі күні болып жарияланды?

83. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегі қашан жарияланды?

84. «Континент Евразия» авторы?

85. «Евреи и Евразия» авторы?

86. «Геополитические заметки по русской истории» мақала авторы?

87. «Русь монгольская» авторы кім?

88. «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли Сборник трудов евразийцев» жинағын құрастырушы кім?

89. «История. Культура Язык» еңбегінің авторы?

90. «Географический обзор России-Евразии» авторы?

91. «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России» жинағын құрастырушы?

92. «Политическая история русской эмиграции 1920–1940 гг. Документы и материалы» жинағы авторы кім?

93. «Начертание русской истории» мақала авторы?

94. Н.Я.Данилевский өзінің этнос туралы тұжырымдамасында «Этнос-4 бөліктен дамыса - өзінің жоғарғы даму сатысына жетеді» деген 4 бөлікті атаңыз?

95. Д.В.Вернадский профессорлық атағын қай жылы алды?

«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:

  1. Еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен эволюциясы.
  2. Еуразия этностары: этногенезі және мәдениеті
  3. Шығыс славяндар мәдениеті
  4. Еділ бойы халықтары мәдениеті
  5. Кавказ халықтары мәдениеті
  6. Орта Азия халықтары мәдениеті
  7. Сібір халықтары мәдениеті
  8. Көне Қытай өркениеті
  9. Көне Үнді өркениеті
  10. Парсы мәдениеті
  11. Прототүріктер өркениеті: ғұндар мәдениеті
  12. Сақтар мәдениеті
  13. Зороастризм діні тарихы
  14. Буддизм діні тарихы
  15. Христиан діні тарихы
  16. Ислам діні тарихы
  17. Түркі дәуірі өркениеті
  18. Алаш қозғалысының қалыптасуы және идеялық негіздері
  19. Алаш қайраткерлерінің ғылыми-шығармашылық қызметі (бір тұлға мысалында)
  20. Алаш зиялыларының еуразияшылық ілімге қатысты көзқарастары
  21. ХХ ғасыр басында еуразияшылдық идеясының қалыптасуы
  22. ХХ ғ. басында түрікшілдік идеясының қалыптасуы және дамуы
  23. Алаш ұлттық идеологиясының теориялық негіздері
  24. Алаш идеологиясы еуразиялық өркениет контексінде
  25. Н. Я. Данилевский еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы
  26. П.И.Савицкий шығармаларындағы еуразияшылдыққа қатысты тарихи ой-тұжырымдамалар
  27. Г.В. Вернадскийдің ғылыми еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы
  28. Н.С. Трубецкой және еуразияшылдық идеясы
  29. Л.Н. Гумилев- түркітанушы-ғалым
  30. Л.Н. Гумилев және пассионарлық идеясы
  31. Л.Н. Гумилев- жаңаеуразияшыл ғалым
  32. Л.Н. Гумилев еңбектерінде көне түріктер тарихының зерттелуі
  33. «АЗ и Я» еңбегінің тарихи маңызы
  34. Кеңестік дәуірдегі еуразияшылдық идеясы жағдайы
  35. Посткеңестік кезеңде еуразияшылыдқ идеясының қалыптасып, дамуы
  36. Қазіргі кезеңдегі Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени сабақтастық
  37. Еуразияшылдық идеясын дамытудағы Елбасының рөлі
  38. Еуразиялық өркениеттің ХХІ ғ. қайта жандануы
  39. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті- заманауи еуразиялық өркениет үлгісі
  40. Астана- Батыс пен Шығыс симбиозы
  41. Еуразия әлемі: тарих, қазіргі заман, келешек

42. ТМД елдері арасындағы еуразиялық интеграциялық үрдістер: өткені, бүгіні, болашағы





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1080 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.024 с)...