Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Студенттерге арналған пәннің БАҒДАРЛАМАСЫ



(СИЛЛАБУС)

Пәні Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

Білім беру бағдарламалары Аграрлы экономика, Жаңа экономика, Қызметкерлерді басқару, Мекемелік менеджмент, Экономика секторында есеп пен аудит, Мемлекеттік ұйымдарға есеп пен аудит, Банк ісі, Салық және салықсалу, Саладағы маркетинг, Өндірістік мекемелердің маркетингі

Мамандықтар 5В050600 - «Экономика», 5В050700 - «Менеджмент», 5В050800 - «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В051100 - «Маркетинг»

Мамандықтар тобы Әлеуметті ғылымдар, экономика және бизнес

Астана 2013

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 17.06.11ж. № 261 бұйрығымен бекітілген 5.04.019 – 2011 ҚР МЖБС негізінде, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 08.08.2011ж. № 349 бұйрығымен бекітілген, жоғары білімнің барлық мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 10.04.2012 ж. № 158 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім бойынша мамандықтардың типтік оқу жоспарының негізінде және 07.09.2013ж., №1 хаттамамен бекітілген OBZh 1103 - «Экономика», OBZh 1103 - «Менеджмент», OBZh 1103 - «Есеп және аудит», OBZh 1103 - «Қаржы», OBZh 1103 - «Маркетинг» мамандықтар жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастырылған.

.

Технологиялық үрдістерді механикаландыру кафедрасының мәжілісінде қаралды.

«» 2013 ж. хаттама №

Кафедра меңгерушісі Г.А. Заичко

Экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесінде ұсынылды.

«» 2013 ж. хаттама №

Әдістемелік комиссияның төрағасы Асилов Б.О.

1. ОҚЫТУШЫ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТТЕР:

Қалқабаева Сейсенкүл Ахметқызы - технологиялық үрдістерді механикаландыру кафедрасының профессоры, м.ғ.д.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Қабылдау уақыты: кафедрадағы кеңес беру кестесі бойынша.

Тел. 39-40-27

2. ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР:

Модуль атауы – жалпы білім берулік

Модуль нөмірі –3/3/3/3/3

Модульдегі кредит саны – 9/11/10/11/11

Модуль типі – жалпы міндетті модульдер

БОЛЖАМАЛЫ ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр аптасы                               Барлығы
Дәрістер                                
Тәжірибелік                                
ОСӨЖ                                
СӨЖ                                
Барлығы                                

3. КУРСТЫҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ

Пререквизиттер (Пәнді оқу үшін игерілуі қажет курстардың тізімі):Жалпы биология, жалпы физика, жалпы химия, жалпы экология т.б.

4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ

Постреквизиттер (кейін оқытылатын сабақтас пәндер):мемлекеттік стандарттарда көрсетілген барлық әлеуметтік-гуманитарлы және жаратылыстану пәндері.

5. КУРСҚА ШОЛУ

Пән мақсаты: бүгінгі экономикалық және әлеуметтік жағдайдатуындайтын Төтенше жағдайлар кезінде өзінің және жарақаттанғандардың өмірін, денсаулығын, мүліктік бағалықтарды

сақтап қалуға бағытталған іс шаралар жүргізе білуге, көмек ұйымдастыру бойынша білім мен дағды қалыптастыруға баулу.

Қысқаша пәннің мазмұны

Дамыған қоғамда адам өмірі көптеген қауіптермен қатарласа жүреді. Сондықтан қауіпсіз өмір дегеніміз келеңсіз идеализация болып табылады. Ал қауіпсіздік терминін қауіптен қорғайтын кешенді шара, қауіптерді басқару мүмкіндігі, қауіпті жағдайлардың алдын алу және қайтару деп түсіну керек. Басқа академиялық пәндерден айырмашылығы тіршілік қауіпсіздігі негіздері интегралды пән және кең спектрлі ғылыми практикалық білімді талап етеді. Қоғамдық тәжірибе көрсеткендей, қауіпсіздік әлсіздігі адам құрбандығына, көлемді материалды және санасыздыққа әкеліп соғады. Мемлекет, қоғам, нақты адам, өз қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда үлкен қасіретке айналады. Осыған байланысты, адамдарда қауіпсіздік идеологиясы, бесқаша айтқанда, қажетті ой қабілеті мен тәртіп қалыптасуы қажет. Бұл жерде маңызды рөл білімде. Көп ғалымдардың пайымдауынша тіршілік қауіпсіздігі негіздері мамандардың осы саладағы жалпы білімінің фундаменті болып табылады. Осы бағдарламада тіршілік қауіпсіздігі, адамның қоршаған ортамен байланысынан туындайтын қауіп қатерлерді танытатын, ғылыми және оқу пәні ретінде қаралады. Осы кешеннің аймағында адам тіршілігінің қауіпсіздігін оқыту жүргізілуі тиіс. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері әр түрлі салада жалпы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тек ғылыми әдістемелік базасы болып табылады. Осы пән табиғи, антропогенді, биолгиялық, техногенді, экологиялық және әлеуметтік қауіптерді қарастырады. ТЖ қорғану саласында оқытудың негізгі мақсаты барлық халықты ТЖ кездегі іс-әрекетке, қорғану шараларына, жарақаттанғандарға бірінші медициналық көмек көрсету, жеке қорғаныс заттарын пайдалануға үйрету. Елімізде ТЖ алдын алу, жою күрделі мәселелердің бірі.

Оқыту нәтижесі: қ ауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принциптері – ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезінетін, мемлекеттік өте маңызды істе азаматтық белсенділік таныта білетін жас мамандарды даярлау пәннің негізгі оқыту нәтижесі. Курс студенттердің социалды – гуманитарлық, экономикалық, жалпығылымдық және арнайы пәндерден білімдеріне сүйене отырып гуманитарлық дайындығын көтеруге бағытталғын. Келесі сұрақтар адамның мекендеу ортасында тіршілік қауіпсіздігін сақтау, тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық нормативті техникалық негіздерін, өндірістік ортада тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, жарақаттаушы зиянды өндірістік факторлардың адамға әсері, қоршаған ортаға радиациялық және химиялық заттар кездегі халықтың іс әрекеті, адамдардың жарылыс пен өрттерде іс әрекеті, аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралу кезіндегі халықтың іс әрекеті, ТЖ болжау және жою әдістері бойынша компетентті болу.

Осы пәнді оқығаннан кейін студенттердің ТЖ адамдарды қорғаудың негізгі принциптері, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерінен, адам қоршаған ортаның жағымсыз факторлары, олардың салдары, адамдарды қорғауды ұйымдастыру, бірінші медициналық көмек көрсету әдістері, ТЖ болжау және апат, табиғи апат салдарын жоюға бағытталған модельдерді құрастыру жөнінде түсінігі болуы керек.

Білу және түсіну (Дескриптор А):

Пәнді оқығаннан кейін студент білуі керек:

● Адам және мекендеу ортасында тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздерін;

● Төтенше жағдайлар (ТЖ) жіктелуін;

● Табиғи қауіптер. Зілзала. Табиғи сұрапыл апаттарды;

● Техногенді қауіптердің жіктелуін, катастрофа түрлері мен аварияларды;

● Әлеуметті қауіптердің жіктелуін, олардың сипаттамасын;

● Экологиялық қауіптердің жіктелуін;

● Су басқан кезде халықтың іс әрекеті;

● Жер қозғалған кезде халықтың іс әрекеті;

● Қатты жел тұрғанда халықтың іс әрекеті;;

● Жауын шашында халықтың іс әрекеті;

●Қар көшкіні, су көшкіні кезінде халықтың іс әрекеті;

● Өрт кезінде халықтың іс әрекеті;

● Жарылыс кезінде халықтың іс әрекеті;

● Химиялық зақымдану кезінде халықтың іс әрекеті;

● Адам организміне радиацияның әсерін;

● Радиоактивті улану кезінде халықтың іс әрекеті;

● Адам организміне электр қуатының әсерін;

● Электроқауіпсіздік тәртібі;

● Көлік апаты кезінде халықтың іс әрекеті;

● Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуін;

● Адам ағзасына өндірістік шу мен дірілдің әсерін;

● Жаппай қырып-жоятын қарулардың жарылысынан сақтану әдістерін;

● Улану заттарынан қорғанудың негізгі әдістерін;

● Ланкестік қаупі төнгенде халықтың іс әрекетін;

● Ланкестер кепілдікке алғандағы адамдардың іс әрекетін;

● Наркомания, ішімдікке салыну, темекі шегу жаман әдеттері қандай зияндыққа әкелетінін;

●Атмосфера ластануының жіктемесін;

●Су ресурстарының ластануының жіктемесін;

●Адам ағзасына ластанған судың әсерін;

●Адам ағзасына;ластанған жердің әсерін;

●Елімізде Азаматтық қорғаныстың орнын;

●Азаматтық қорғаныс саласындағы негізгі міндеттерді;

● Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқытудың негізгі міндеттерін;

● Азаматтық қорғаныс хабарламасы кезінде халықтың іс әрекетін;

●Халықты көшіру шараларын;

● Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың түрлерін;

●Азаматтық қорғаныс құрылымы;

●ҚР Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру;

● Бірінші медициналық көмек көрсетуге;

●Жарақаттанушының өмір және өлім белгілерін анықтауға;

●Жарақаттанушыға реанимация шараларын жүргізуге;

● Жарақаттанушыға бірінші медициналық көмек көрсетуге;

● Таңуға;

● Күйік пен үсікте бірінші медициналық көмек көрсетуге;

● Электржарақатта бірінші медициналық көмек көрсетуге;

● Суға кеткенде бірінші медициналық көмек көрсетуге;

● Қан тоқтатуға;

● Миокард инфарктында, гипертониялық кризде, естен тану мен инсультте бірінші медициналық көмек көрсету тәртібі.

Пән оқығаннан кейін студент АҚ саласында тұрғындарды оқыту мақсатын, азаматтық қорғаныс хабарламасы бойынша халықтың іс қимылын, ланкестік әрекеттердегі іс қимылдың, ланкестер кепілдікке алғандағы адамдардың іс әрекетін, діни секталардың қызметін, секталардан қорғану жолдарын, нашақорлық, ішімдікке салыну, темекі шегудің зияндылығын, жыныс жолдарымен берілетін жұқпалардан сақтану шараларын, әлеуметті маңызды аурулардың тұрғындарға қаупі маңыздылығын түсінуі керек.

Үйреніп алу (Дескриптор В):

- қәсіптік қызметте тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативті құқықты, ТЖМ және АҚ құжаттарын қолдануды;

- кәсіптік қызмет қауіпсіздігін сақтайтын іс шараларды құрастырып, жоспарлауды, өрт, әлеуметтік, медициналық қауіпсіздіктерді, еңбек қауіпсіздігі нормалары жөнінде оқулар өткізу, жарақаттануды есептеу және тексеруді жүргізуді;

- өрт сөндіру құралдарын қолдануды;

- ТЖ болжау және бағалауды; жеке және медициналық құралдарды қолдануды;

- белгіленген хабарлау дабылына сәйкес іс қимылды.

Игеру (Дескриптор C, D, E): адам қоршаған ортаның жағымсыз факторларын сараптау және ой тұжырымдау әдістерін, оларды ажырату және адамдарды қорғау принциптерін, ТЖ болжау және олардың салдары жөнінде есеп құрастыруды.

ТЖ қоршаған тұрғындармен, ойлау мәдениеті және өзінің қызметтік кәсібі нәтижесін қорытындылап түсіндіруде коммуникативті машықтарды.

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салада, төтенше жағдайда қорғау, апат кезінде бірінші медициналық көмек көрсету.ТЖ туындағанда жағдайды, қауіптілік дәрежесін анықтау, халықты жәнеөндірістік нысандарда қызметкерлерді зиянды факторлардың әсерінен қорғау, олардың салдарын жою, өмір және өлім белгілерін анықтау, кенеттен ауруларда, жарақаттарда, күйікте, үсікте, электрожарақатта, суға батқанда, қан тоқтатуда бірінші медициналық көмек көрсету тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

Әріптестер және қоршаған аламдармен жеке дұрыс қарым қатынас, жағдайды оң бағалау, ТЖ халықтың эмоционалды жағдайына түсіністікпен қарау, сұхбаттасу және келісім шараларын жүргізу әдістерін, шиеленіскен жағдайларды шешу коммуникативті дағдыларды меңгеру.

Пәнді оқығаннан кейін ары қарай тіршілік қауіпсіздігі негіздерінен өз бетімен білім алуға оқу дағдыларын меңгеру. (Дескриптор C, D, E).

6. КУРСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, КӨЛЕМІ МЕН МАЗМҰНЫ

Апта лар OBZh 1103 «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» (2 кредит)
Тақырыптың атауы Сағат Бағалау баллы
I Модуль ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
  1 дәріс «Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері. Қауіптердің жүйеленуі. Төтенше жағдайлар (ТЖ) жөнінде түсінік. ТЖ бағалау» 1П: Тыныс алу жиілігін, пульсті анықтау, санау әдістері. СМӨЖ: Жер сілкінісі, сел, су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті.   0,5-1,0   0,3…0,6
II Модуль АДАМНЫҢ МЕКЕНДЕУ ОРТАСЫНДАҒЫ ҚАУІПТЕР
  2 дәрісАдам және мекендеу ортасы. Табиғи қауіптер. 2П: Қан қысымын өлшеу СМӨЖ:Экологиялық қауіптер Қоршаған ортаның ластаушыларынан қорғану әдістері.     0,5-1,0     0,35…0,7
  3 дәрісӘлеуметтік қауіптер. Діни секталар. Секталардан қорғану жолдары. Ланкестік әрекеттер. 3П: Ине шаншу әдiстерi СМӨЖ: Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті (АЭС–ғы авария кезінде, ядролық қаруды қолданғанда).     0,5-1,0     0,35…0,7
  4 дәріс. Медициналық-биологиялық қауіптер. Салауатты өмір салты. 4П: Жарақаттар СМӨЖ: Химиялық қауіпті нысанда авария болған кездегі халықтың іс-әрекеті.     0,5-1,0     0,35…0,7
III Модуль Төтенше жағдайлар
  5 дәріс. XXI ғасырдың қауіпті аурулары: нашақорлық, шылым шегу, ішімдікке салыну, ЖЖБА, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, қатерлі ісік т.б. 5П: Қан кетуі және қан тоқтату әдістері СМӨЖ: Аса қауіпті ауру қоздырғыштардың таралуы кезіндегі халықтың іс-әрекеті.   0,5-1,0   0,35…0,7
  6 дәріс. ТЖ бірінші медициналық көмек көрсету ережесі. Бірінші медициналық көмек көрсетудегі іс - әрекет. 6П: Реанимация әдістері. СМӨЖ: ТЖ жөнінде алдын ала хабарлағандағы халықтың іс-әрекеті.     0,5-1,0     0,35…0,7
  7 дәріс. Техногенді қауіптер. Тіршілік қауіпсіздігі және өндірістік орта. 7П: Десмургия немесе таңу түрлері СМӨЖ: Өндірісте өрт және жарылыс кезіндегі халықтың іс-әрекеті.   0,5-1,0   0,35…0,7
АБ 1 10
  8 дәріс. Радиациялық қауіпсіздік. Радиациялық қауіпті нысандағы ТЖ. 8П: Десмургия немесе таңу түрлері СМӨЖ: Шу, вибрация, т. б. адам ағзасына әсері. Қорғану. Лазер сәулелерінен, ультра және инфрадыбыстан қорғану     0,5-1,0     0,35…0,7
  9 дәріс. Химиялық қауіп. Зиянды заттар. Қауіпсіздік шаралары. 9П: Есінен танған кезде жедел жәрдем түрлерi СМӨЖ: Төтенше жағдайларда (ТЖ) халықты және аймақты қорғау. ТЖ халықты көшіру, қоныстандыру.     0,5-1,0     0,35…0,7
  10 дәріс. Химиялық қауіпті нысандардағы ТЖ. 10П: Жедел жәрдем түрлерi СМӨЖ: Төтенше жағдайларда (ТЖ) санитарлық тазалау, дезактивация, дегазация, дезинфекция.   0,5-1,0   0,35…0,7
  11 дәріс. Өрттер және жарылыстар. 11П: Сүйек сынуы кезінде көрсетілетін көмек СМӨЖ: ТЖ жеке бас қорғаныс құралдары(тыныс мүшесін,теріні қорғайтын, медициналық құралдар)   0,5-1,0   0,35…0,7
  12 дәріс. Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын ТЖ. 12П: Күйік алғанда, үсігенде көмек түрлерi СМӨЖ: ТЖ ұжымдық қорғаныс құралдары (панаханалар,т.б)     0,5-1,0     0,35…0,7
  13 дәріс. Қазіргі заманғы жаппай қырып-жоятын қарулар. 13 П: Уланғандағы көмек түрлерi СМӨЖ: Бейбіт және соғыс уақытынды ТЖ-ғы өнеркәсіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы     0,5-1,0     5,0…10,0
IV Модуль ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
  14 дәріс. ТЖ кезіндегі халық пен аймақты қорғау. 14 П: Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары СМӨЖ: АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі.   0,5-1,0   0,35…0,7
V Модуль ЗАҚЫМДАНУ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ШҰҒЫЛ ЖҰМЫСТАР
  15 дәріс. Төтенше жағдай (ТЖ) және Азаматтық қорғаныс (АҚ) жүйесі. 15П: Радиациялық және химиялық барлау құралдары     0,5-1,0     0,35…0,7
Бар лығы: Дәріс   7,5- 15
Практикалық сабақ   5,0-10,0
  АБ 2    
  Барлығы    
  Емтихан    
  Барлығы    

6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі

  Тақырыптар атауы Көлемі, сағ Әдебиет Ағымдық бақылау, балл
  Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні, мазмұны, мақсаты және міндеттері. Қауіптердің жүйеленуі. Қауіптердің жүйелену принциптері. Төтенше жағдайлар (ТЖ) жөнінде түсінік. ТЖ бағалау.   [4,5,6,7,8,9] 0,5…1,0
  Адам және мекендеу ортасы. Табиғи қауіптер. Зілзала. Табиғи сұрапыл апаттар. Табиғи апаттар кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.   [4,5,6,7,8,9,10] 0,5…1,0
  Әлеуметтік қауіптер. Діни секталар. Секталардан қорғану жолдары. Ланкестік әрекеттер. Ланкестер кепілдікке алғандағы адамдардың іс-әрекеті және т.б.   [4,5,6,7,8,9] 0,5…1,0
  Медициналық-биологиялық қауіптер. Салауатты өмір салты.   [4,5,6,7,8,9,10] 0,5…1,0
  XXI ғасырдың қауіпті аурулары: нашақорлық, шылым шегу, ішімдікке салыну, ЖЖБА, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, қатерлі ісік т.б. Қауіпсіздік шаралары.   [4,5,6,7,8,9,10] 0,5…1,0
  ТЖ бірінші медициналық көмек көрсету ережесі. Бірінші медициналық көмек көрсетудегі іс - әрекет. Жарақаттанғанда, термиялық зақымдануда, жазатайым оқиғаларда және кенеттен ауруда көрсетілетін бірінші медициналық көмек.   [4,5,6,7,8,9,10] 0,5…1,0
  Техногенді қауіптер. Тіршілік қауіпсіздігі және өндірістік орта. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі. Өндірістік шудан, дірілден қорғану. Адам ағзасына әсері.   [4,5,6,7,8,9,10] 0,5…1,0
  Радиациялық қауіпсіздік. Иондаушы сәулелерден қорғану. Электромагниттік сәуленену, көздері, түрлері. Қорғану әдістері. Радиациялық қауіпті нысандағы ТЖ. ТЖ ерекшеліктері. Зақымдаушы факторлары. Қоршаған ортаға радиация шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті.   [4,6,7,9,10,12,13,14,] 0,5…1,0
  Химиялық қауіп. Зиянды заттар. Зиянды заттардың жүйеленуі, агрегаттық күйі, адам ағзасына түсу жолдары. Қауіпсіздік шаралары.   [10,12,13,14,] 0,5…1,0
  Химиялық қауіпті нысандардағы ТЖ. ТЖ ерекшеліктері. Зақымдаушы факторлары. Қоршаған ортаға химиялық заттар шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті және улану мүмкіндіктері.   [10,12,13,14,] 0,5…1,0
  Өрттер және жарылыстар. Өндірістегі және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстардың алдын алу. Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік: халықты және аумақты қорғау. Өрттер мен жарылыстар кезіндегі халықтың іс- әрекеті. ТЖ ерекшеліктері.   [10,12,13,14,] 0,5…1,0
  Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын ТЖ. ТЖ ерекшеліктері. Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуыкезіндегі халықтың іс-әрекеті.   [10,12,13,14,] 0,5…1,0
  Қазіргі заманғы жаппай қырып-жоятын қарулар. Жаппай қырып-жоятын қарулардың түрлері, олардың ерекшеліктері және оны қолданудың салдары.   [10,12,13,14,] 0,5…1,0
  ТЖ кезіндегі халық пен аймақты қорғау. Халықты қорғау бойынша іс шараларды өткізу кезеңдері. Халықты көшіру. Радиациялық және химиялық барлау. Медициналық іс-шаралар. Қорғаныс құралдары. Ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды (ҚжБКЖ) ұйымдастыру мен жүргізу негіздері. ҚжБКЖ жүргізудің мақсаты, мазмұны мен шарттары. Оларды жүргізу үшін қажетті күштер мен құралдар.   [10,12,13,14,] 0,5…1,0
  Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың заңнамалық және нормативтік - құқықтық актілері. Мемлекеттік қауіпсіздікті басқару органдары: қауіпсіздікті басқару, қадағалау және бақылау органдары, олардың негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері, құрылымы. Төтенше жағдай (ТЖ) және Азаматтық қорғаныс (АҚ) жүйесі.   [4,6,7,9,12,13,14,] 0,5…1,0
  Барлығы:     7,5…15,0

6.2 Практикалық сабақтарының тізбесі

№     Тақырыптар атауы     Көлемі, сағ Әдебиет Ағымдық бақылау, балл
  Тыныс алу жиілігін, пульсті анықтау, санау әдістері.   [5,6,7,8,11,14] 0,3…0,6
  Қан қысымын өлшеу     [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Ине шаншу әдістері     [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Жарақаттар     [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Қан кетуі және қан тоқтату әдістері     [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Реанимация әдістері.     [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Десмургия немесе таңу түрлері     [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Десмургия немесе таңу түрлері     [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Есінен танған кезде жедел жәрдем түрлерi   [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Жазатайым оқиғаларда жедел жәрдем түрлерi     [5,6,7,8,11,14] 0,3…0,6
  Сүйек сынуы кезінде көрсетілетін көмек   [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Күйік алғанда, үсігенде көмек түрлерi   [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Уланғандағы көмек түрлерi     [5,6,7,8,11,14] 0,35…0,7
  Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары   [10,12,13,14,] 0,35…0,7
  Радиациялық және химиялық барлау құралдары   [4,6,7,9,12,13,14,] 0,35…0,7
  Барлығы:     5,0…10,0

ТҚН пәні бойынша СОӨЖ тапсырмалары:

1. Жер сілкінісі, сел, су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті.

Қоршаған ортаның ластаушыларынан қорғану әдістері.

2. Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті (АЭС–ғы авария кезінде, ядролық қаруды қолданғанда).

Химиялық қауіпті нысанда авария болған кездегі халықтың іс-әрекеті.

3. Аса қауіпті ауру қоздырғыштардың таралуы кезіндегі халықтың іс-әрекеті.

4. ТЖ жөнінде алдын ала хабарлағандағы халықтың іс-әрекеті.

Өндірісте өрт және жарылыс кезіндегі халықтың іс-әрекеті.

Жұмыстарды тапсыру мерзімі – 3-5 апталар

5. Шу, вибрация, т. б. адам ағзасына әсері. Қорғану

Лазер сәулелерінен, ультра және инфрадыбыстан қорғану

6. ТЖ халықты және аймақты қорғау

а) Төтенше жағдайларда (ТЖ): санитарлық тазалау, дезактивация, дегазация,

дезинфекция деген не?

б) ТЖ халықты көшіру, қоныстандыру

7. ТЖ ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары(панаханалар, тыныс мүшесін,теріні қорғайтын, медициналық құралдар)

Радиациялық және химиялық барлау және бақылау құралдары

8. Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі.

Бейбіт және соғыс уақытынды ТЖ-ғы өнеркәсіптік объектілер жұмысының

тұрақтылығы

Жұмыстарды тапсыру мерзімі – 9-13 апталар





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 2125 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.019 с)...