Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің қысқаша сипаттамасы



Пәнді оқытудың мақсаты – экономикалық мәселелерді шешу әдістері мен құралдарын, факторларын анықтайтын қоғамның экономикалық жүйедегі қатынастарды түсіну негізінде экономикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.

«Экономикалық теория негіздері» пәнінің негізгі міндеттері:

· Негізгі категориялар, экономикалық заңдар, олардың ерекшеліктері мен әрекеті туралы білім беру;

· Негізгі категориялар, экономикалық заңдар және олардың көрінісі мен әрекеті, ерекшеліктері туралы білім беру;

· Қоғамдағы экономикалық жаңғыртулар мәнін, қоғам өміріндегі құбылыстар мен үдерістердің қисыны және өзара байланысын үйрету;

· Әлемдік шаруашылық тәжірибесін, оның қазақстандық ерекшеліктерін ескере отырып, рыноктық қатынастар даму жығдайы мен үрдістері туралы қажетті білім беру;

· Алған білімді практикалық қызметте қолдану, дағдыларын игеруге машықтандыру.

«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқыту нәтижесінде студент:

- экономикалық құбылыстардың, әртүрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның даму заңдылықтарының мәнін;

- шектелген ресурстар жағдайында нарықтың өзін-өзі реттеу механизмдерін;

- экономиканы мемлекеттік реттеу қағидаларын;

- ғаламдану жағдайындағы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын білуі керек;

Экономикалық сауалдарға жауап беру ізденісінде және қоғамдық дамудың консервативтік және жаңа тенденцияларын бағалау жолында, олардың қайта құру кезеңінде өздерінің позициясын өз бетімен анықтауға, тәжірбиелік іс-қызметке дайын болуына және белгілі бір дәрежеде әлемдік түсінігінің қатысуына көмек көрсетіліп пәнді толық дәрежеде меңгеруі керек.

3. Пән пререквизиттері Қазақстан тарихы, Философия

4. Пән постреквизиттері Саясаттану, Әлеуметтану





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 441 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...