Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Дүниеге көзқарас дегеніміз не?

Мифологияның дүниеге деген көзқарас ретіндегі айырмашылығы неде?

Діни көзқарастың ерекшеліктері неде?

Дүниеге деген философиялық көзқарастың миф пен діннен айырмашылығы неде?

Философия мен ғылымның ара-қатынасы қандай?

Философияның өнерлік жағын неден көресіз?

Философия қандай рухани құндылықтарды зерттейді?

Философия мен тілдің байланысы қандай?

Философияның негізгі мәселесінің үш жағын көрсетіңіз.

Философияның қандай функциялары бар?

Ойланыңыз:

Неміс ағартушысы Г.Лессинг егер Құдай мені өзіне шақырып, бір қолында Дүние жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде –ақиқатқа деген іңкәр бар. Қайсысын таңдап аласың?,- десе, мен “О жаратқан, бүкіл ақиқатттың иесі – сенсің, маған тек сол ақиқатқа іңкәрлікті берсеңіз болғаны²,- дейді. Осы көркем сөзбен берілген ойды сіз қалай түсінесіз?

Ешкімде философияны жастық шағында ысырып тастап, кәртайғанда одан шаршамасын. … философия жасқа да кәріге де керек, біріншіге - жастық жігерді болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге - өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін, - деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың маңызы неде?

Француз ағартушысы Д.Дидро айтқанындай “Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ². Неге олай?

Өткен және болашақ замандардағы қасіреттерге философия жоғарыдан қарағанмен, қазіргі қасіреттер философияға жоғарыдан қарайды,- деген ойды француз жазушысы Франсуа де Ларошфуко айтқан екен. Бұл ой-пікір біздің қазіргі өтпелі заманымызды бағалағанда қандай тебіреністерді тудырады?

Жалғыздықтың шеңберінде өмір сүру үшін я жануар, я болмаса Құдай болу керек – дейді Аристотель. Бірақ, үшінші бар - ол философ,- дейді Ф.Ницше. Бұл пікірді қалай түсінуге болады?

“Қайғы таныммен бірге басталады², - дейді француз ойшысы А.Камю. Сіз қалай бұл пікірді түсінесіз?

Философия қоғамға тәуелді болмау керек, керісінше қоғам философияға тәуелді болуы керек,- деген екен орыс философы Н.Бердяев. Бұл тұжырым қазіргі өтпелі қоғамда қандай ойларды туғызуы мүмкін?

“Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма еді?,- дейді неміс философы А.Шопенгауер. Оған қалай қарайсыз?





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 2046 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...