Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау



Жұмыссыздық жұмыс күшінің бір бөлігін өндіріске араласпау жағдайында қарастыратын әлеуметтік экономикалық құбылыс. Бұл құбылыс еңбекке деген ұсыныстың сұранысқа сәйкес келмеу жағдайын сипаттайтын ауытқымалы құбылыс. Халықаралық еңбек ұжымының анықтамасына сәйкес жұмыссыздарға жұмыс орнының жетіспеуінен жұмысқа орналаса алмай өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдарды жатқызамыз.

Жұмыссыздық турлері:

Уақытша жұмыссыздық- жұмыс орнын және тұрғылықты жерін ауыстырғанда немесе оқу бітіргеннен кейінгі жұмыс іздеп жүрген адам.

Құрылымдық жұмыссыздық- экономикадағы құрылымдық өзгерістерге байланысты жұмыс күшінің бос болуы және кәсіби біліктілікке байланысты жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі.

Циклдік жұмыссыздық- экономикалық құлдырау нәтижесінде пайда болатын бос жұмыс күші.

Маусымдық жұмыссыздық- белгілі бір мезгілге байланысты жұмыс күшінің бос болуы.

Жасырын жұмыссыздық- өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы немесе ақпараттың болмауына байланысты.

Еліміздегі жұмыссыздық экономикамыздағы өзектілігі жоғары мәселелердің бірі болып табылады. Соған сәйкес жұмыссыздық деңгейін төмендету жолында әр түрлі шаралар атқарылуда.Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5,8%-ды құрап, 2011 жылы 5,4%-ға дейін төмендеген, ал 2012 жылы 5,3% болса, 2013 жылы қаңтарға жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды құрап отыр.Қазақстанда жұмыссыздықты төмендету бойынша көптеген жобалар негізінде бағдарламалар жасалып іске асырылуда.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 552 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...