Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау



Экономикалық заңдар - қоғам дамуының түрлі сатыларындағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарын анықтайды. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Бұл заңдар 2 ге бөлінеді.

1. Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.

2. Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.

Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б.

Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардын еркі мен санасынан тыс әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады. Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейді. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1316 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...