Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

АСТАНА – 2012



ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы«Қазақ тілі»

Мамандық 5В050900-«Қаржы», 5В050800- «Есеп және аудит»

(шифр, атауы)

Оқыту нысаны ___ күндізгі, орта кәсіби білім негізінде________

(күндізгі, сырттай, қысқартылған, қашықтан)

Барлығы 3 кредит

Курс 1 Семестр 1

Практикалық сабақ 45 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОЖӨЖ 45 сағат

СӨЖ 45 сағат

Емтихан 1 семестр

Барлығы 135 сағат

АСТАНА – 2012


Пәннің оқу бағдарламасы ҚРБҒМ 22.06.2006ж. Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен қазақ тілі курсының типтік бағдарламасы негізінде жасалған.   Жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған.   Оқу бағдарламасын құрастырған ф.ғ.к. доцент Сапина С.М.   Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының мәжілісінде талқыланған (кафедра атауы)     Хаттама № «_____» ________________ 2012ж.     Кафедра меңгерушісі ______________________ ф.ғ.д.,профессор Ж.С. Бейсенова (қолы, аты-жөні) Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің әдістемелік (факультет атауы) кеңесі мақұлдаған   Хаттама № «_______» _______________ 2012ж.   Төраға _________________________________________________________    

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, каб. № 304, тел: 70-30-47

Оқытушы туралы мәлімет: Сапина Сабира Мінатайқызы – ф.ғ.к., доцент, е-mail: [email protected]

Байланыс уақыты (Office-hour): бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, СОӨЖ-ге кеңес сабақ кестесіне сәйкес

Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі. Кредиттің саны – 3, сабақ 1 семестрде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиті: “Қазақ тілі” курсын үйрену үшін студенттер міндетті түрде мына пәндерді білуі тиіс:

Қазақ тілі /мектеп және колледж бағдарламасы/

Қазақ әдебиеті

Қазақстан тарихы

Пәннің постреквизиті: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент:

- оқу мәтіндері мен кәсіби мәтіндерді түсінуі;

- шағын сұхбаттарды, тірек сөздерді түсіну;

- өзін қоршаған әлеуметтік ортада, қоғамда, отбасында және замандастар арасында қазақ тілінде қатысым жасай білуі;

- ұсынылған сөйлеу жағдаяты, проблемалық тақырып және мәтін бойынша пікір білдіру;

- иллюстрация, бейнекөріністер, дидактикалық көрнекіліктер, сюжетті суреттер арқылы ойын жеткізе алуы тиіс.

Пәннің сипаттамасы:

Қазақ тілі практикалық курсының бұл бағдарламасы колледжден кейін заңтану мамандығында оқитын 1-курс студенттеріне арналған.

Тіл қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік, ғылыми және мәдени өмірдің барлық салаларында қызмет атқарады.

Ұсынылып отырған бағдарлама сабақтың мақсатын, құндылығын және ұстанымдарын, дағды мен ептіліктерін, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері: естіп-түсіну, сөйлеу, жазу талабына жауап беретін мазмұннан тұрады.

Қазақ тілін оқыту белгілі бір лексикалық тақырып, соған сәйкес грамматикалық материалдар, сөйлеу әдебінің түрлері: репликалар мен клишелер арқылы анықталады. Мамандығына бейімдеп оқыту мәтіндері және ресми қарым-қатынас тілін дамытуға арналған мәтін түрлері ұсынылады. Сонымен бірге әрбір деңгей үшін белгілі бір лексикалық тақырып және грамматикалық материалдың тиісті көлемі ұсынылады, осы лексикалық тақырыпта актуалдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандарты этикеттік айналымдар санамаланады. Әрбір лексикалық тақырыпқа мәтіндердің, базалық сұхбаттардың үлгілері беріледі. Тақырыптар жүйелі логикалық байланыста алынады. Аударма саласына қатысты терминдердің лексикалық мағыналарын қазақша түсіндіруге баса назар аударылады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар беріледі.

Жоғары оқу орындары үшін қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы ҚР «Тілдер туралы» Заңының 4-бабына сәйкес және ҚР Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2003 жылғы 15 тамыздағы №1165 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген шараларды іс жүзіне асыру мақсатында тілді оқыту міндеттілігі, қазақ тілі мәртебесін арттырады. Аталған құжаттарда мемлекеттік тілді білу қазіргі біліктілік талаптарына сай жеке тұлғаның ойлай білу танымын, рухани байлығы мен мәдениетін, білімділігін жетілдіру мақсатында назар аударады. Бұл бағдарламаның да көздейтін мақсаты – осы.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 378 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...