Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Абитуриент-2014



5В051000 - «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы

Мемлекеттік және жергілікті басқару – бұл кәсіби мемлекеттік қызметкер болғысы келетіндер үшін.

Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры

• аймақтардың және елдердің экономикасын біледі, қызметтік этиканы және мәдени деңгейін көтереді, муниципалдық менеджментті және мемлекеттік басқарудың негіздерін үйренеді, аймақтардағы экономикалық жағдайларды және демографиялық өсудің факторларын анықтайды,

• аудандардың, қалалардың, облыстардың экономикалық жоспарларын болжауды, инфрақұрылымды, мемлекеттік бағдарламарды жүзеге асырудың механизмдерін үйренеді.
• әлеуметтік саладағы сұрақтарды шешеді.

Бұл мамандықты бітірушінің қызмет саласы:

• Ұлттық компаниялар; мемлекеттік кәсіпорындар және бюджеттік ұйымдар; жергілікті басқару органдары

• Ұлттық Банк және оның құрылымдары; ҚР-сы Үкіметінің құрылымдық бөлімдері, ҚР-сы Парламентінің аппараты, Премерь-Министрдің Канцеляриясы, ҚР-сы Президентінің Әкімшілігі және Аппараты. Аппарат и Администрация Президента РК.

Түлектер 5В051000 - «Мемлекеттік және жергіліктік басқару»мамандығы бойынша бакалавр, магистр дипломдарын алып шығады.

Академиялық дәрежесі: Бакалавр, Магистратура

Таңдау бойынша пәні – география

5В050700 - «Менеджмент» мамандығы

Менеджмент мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді.

Менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман.

Менеджер:

•тиімді іскерлік байланысты орнатуды, стратегиялық басқарудың технологиясын, жобаны басқаруды, персоналды басқаруды және т.б. біледі;
•басқарудың әдіс-тәсілдерін, басқару жүйесін ұйымдастыруды, ұйымдағы адамдардың қызметін ұйымдастыруды және басқаруды, басқару шемідерін жасауды, фирманың негізгі даму жоспарын айқындауды, бизнес-жоспарды жасауды және т.б. үйренеді.

Бұл мамандықты бітірушінің қызмет саласы:

• мемлекеттік мекемелер; кәсіпкерлік; жобаның немесе жұмыс тобы басшысының ассистенті; персоналды басқару жөніндегі менеджер; HR-менеджер; • экономиканың әртүрлі коммерциялық құрылымдары: әлеуметтік сала, сыртқы-экономикалық қызмет және басқалар.

Академиялық дәрежесі: Бакалавр

Таңдау бойынша пәні – география

5В050900 - «Қаржы» мамандығы

Қаржы – қоғамда орын алатын экономикалық процестерді әділ бағалайтын, мемлекеттік қаржы, халықаралық қаржы және шаруашылық бірліктер қаржысы саласындағы қаржылық қарым-қатынастарды және олардың ерекшеліктерін дамыту мәнін және үрдісін түсінетін, қаржы жүйесін дамыту мәселелерін әзірлеуді және шешімін таба білетін еліміздің қаржы жүйесі үшін білікті мамандарды даярлау бойынша оқу бағдарламасы.

Қаржыгер

•қаржы-несиелік реттеу әдістерді, салық және қаржылық заңнамаларды дұрыс айыра білуді, қаржылық-банктік жүйенің теориялық және практикалық аспектілерін біледі;

• қаржылық құжаттарды талдауды және төлем баланстарын құрастыруды үйренеді, биржалық операцияларды орындауды және т.б. үйренеді.

Бұл мамандықты бітірушінің қызмет саласы:

• ҚР ұлттық банкі,

• коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары,

• зейнетақы қорлары,

• салық комитеттері

• қаржылық және инвестициялық компаниялар,

• фирмалардың, компаниялардың және ұйымдардың қаржы бөлімдері.

Академиялық дәрежесі: Бакалавр

Таңдау бойынша пәні – география

5В050600 - «Экономика» мамандығы

Экономика бакалаврының кәсіби қызметі кез келген меншіктегі кәсіпорындарда (фирмаларда), білім беру, зерттеу ұйымдарында және басқа ұйымдарда, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының аясында жүзеге асырылатын функциялаушы нарықтар, қаржы және ақпараттық ағымдар, өндірістік және зерттеу процестері сияқты экономика салаларында талдау, ұйымдастыру (әкімшіліктік) және білім беру (оқыту) болып табылады

Экономист

• корпорацияның және компанияның қаржылық ісімен айналысады, ресурстарды жоспалауды үйренеді, жобаны қаржыландырады, компанияның экономикалық даму сұрақтарымен айналысады, есеп береді, кәсіпорынның шығынын азайтып, нәтижелі табысқа жетуді үйренеді..

Бұл мамандықты бітірушінің қызмет саласы:

•Республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар;

· ҚР мемлекеттік және жеке кәсіпорындар;

· инжинирингтік-консалтингтік компаниялар;

· зейнетақы қорлары;

· инвестициялық компаниялар.

«Экономика және кәсіпорындарды ұйымдастыру» кафедрасы 5В050600–Экономика мамандығының бакалавр мен магистрлерін даярлау бойынша жетекші кафедра болып табылады. Кафедра дайындаудың көп деңгейлі жүйесін жүзеге асырады. Түлектер 5В050600–Экономика мамандығы бойынша бакалавр, магистр дипломдарын алып шығады.

Академиялық дәрежесі: Бакалавр, Магистратура

Таңдау бойынша пәні – география

5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы

Негізі бухгалтердің қызметі есептерді және шоттарды жүргізу болып саналады. Бүгінгі күні бухгалтердің қызметі маңызды өзгерді. Заманауи бухгалтер шоттарды жүргізумен қатар, жоспарлауды және шешімдерді қабылдауды, бақылау мен бағалауды, қызметті шолу мен аудитті қоса алғанда, қызметтің кең түрін жүзеге асырады.

Бухгалтер – бұл кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық есебін жүргізетін маман.

Бухгалтер:

• бухгалтерлік және салық есебін жүргізуді үйренеді, қаржылық менеджмент, экономикалық талдауды және аудитті үйренеді, «1С бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс жасайды,

• қаржылық есеп жасауды үйренеді, бухгалтерлік шоттарды есептеуді және бухгалтерлік есеп беруді үйренеді, қызметкерлердің жалақысын есептеуді және оны аударуды үйренеді, материалдық құнның есебін жүргізеді.

Бұл мамандықты бітірушінің қызмет саласы:

•бухгалтер; бас бухгалтердің көмекшісі, қажы аналитігі, қаржы кеңесшісі;

•қаржы қызметткері және салық комитеттерінің маманы;
• ішкі және сыртқы аудиттің аудиторы.

Академиялық дәрежесі: Бакалавр

Таңдау бойынша пәні – география

5В051100 - «Маркетинг»

Маркетинг бұл қызмет саласы, тұтынушылар мен нарықтың арасындағы байланыс.

Маркетолог:

• маркетингтік зерттеу және талдау жүргізеді, нарықтағы бәсекенің орнымен тұтынушылардың потенциалын анықтайды, сұранысты басқарады, қызметтер мен тауарларды құрастырады, тауарды жылжыту және оның нарықтағы бағасын белгілейді, жарнама мен айналысады,

•стратегиялық, тактикалық және оперативтік жоспарлармен айналысады.

Бұл мамандықты бітірушінің қызмет саласы:

•компания және кәсіпорынның маркетинг қызметінің маманы; тауарлық марка және тауарлық топ жөніндегі менеджер; консалтингтік компаниялар мен агенствалар; коммуникациялық агенстваның немесе жарна бойынша маман; мерчендайзер, супервайзер.

Академиялық дәрежесі: Бакалавр

Таңдау бойынша пәні – география

Факультет деканы:

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Ғабдуалиева Раушан Смадиқызы

Мекен – жайымыз:

Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51-ші үй

Телефондар: 8 (7112) 50-21-42, 50-21-18

E-mail:[email protected]

№ 2, 5, 21, 22, 36

автобус маршруттарымен қатынасуға болады.

.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы

Батыс Қазақстан

аграрлық-техникалық

университеті

Экономика және

бизнес факультеті

ТАЛАПКЕР-2014





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 362 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...