Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Медициналық симуляцияның сценарийі



Клиникалық жағдай: «Жеделдеу бруцеллез»

Ситуациялық жағдай: Сіз –терапиялық бөлімнің дәрігерісіз. Түнгі дене қызуының көтерілуі, қалтыраумен, түнгі тершеңдікпен, оң жақ тізе буынының ауру сезіміне, ісінуіне және қимылдауының тежелуіне, оң жақ шынтақ буынының ісінуі, оң жақ бұғана аймақтың ауру сезімі, ісіну және қызаруына шағымдалған науқас түсті.

Тапсырма:

Ø Ауру анамнезің және эпидемиологиялық анамнезді жинаңыз.

Ø Науқасты тексеруден өткізіңіз

Ø Негізгі клиникалық синдромдарды айырыңыз

Ø Алдын ала диагнозды құрастырыңыз

Ø Салыстырмалы диагностиканы ескере отырып тексеру жоспарын құрастырыңыз

Ø Науқастың емдеу жоспарын құрастырыңыз

Ø Әрі қарай жүргізу тактикасын анақтаңыз

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Жеделдеу бруцеллездің белгісі болып табылатын шағымдар анықталды.

- кешкі уақыттағы фебрильді қызба

- айқын емес интоксикация, қызбаны жақсы көтеруі.

- қалтырау және айқын тершеңдік

- атралгия, миалгия

Ø Эпидемиологиялық анамнезді анықтау:

- жеке шаруашылықтың сүт өнімдерін пайдалану

- кәуап жеу (жиі)

Ø Физикальды қарау кезінде анықталған жайттар:

- субфебрильді қалтырау

- тері ылғалды

- оң жақ тізе буынының артриті

- оң жақ шынтақ буынының бурситі

- оң жақ кеуде-бұғана буындалуының артриті

- қолтық және шап лимфатүйіндерінің ұлғаюы

- гепатоспленомегалия

Ø Салыстырмалы диагностика дұрыс жүргізілді:

- листериоз, иерсиниоз, ревматоидты артрит байқалмады

Болжам диагнозы дұрыс қойылды. Жеделдеу бруцеллез, орташа ауыр түрі.Оң жақ тізе буынының артриті, оң жақ шынтақ буынының бурситі, оң жақ кеуде-бұғана буындалуының артриті

Ø Салыстырмалы диагнозды ескере отырып зерттеу жоспарын дұрыс құрастырды

Ø Емдеу жоспары дұрыс құрылған

Ø Жалпы қан мен зәр талдауына, биохимиялық, серологиялық,бактериологиялық, иммунологиялық талдауларына интерпретация жасады

Ø Райт, Хаддлсон реакцияларының нәтижелеріне интерпретация

Түрін, ауырлығын, мүшелік патологияларын және зертханалық дәлелдемелерді көрсетіп клиникалық диагнозды дұрыс қойды. Жеделдеу бруцеллез, орташа ауыр түрі. Оң жақ тізе буынының артриті, оң жақ шынтақ буынының бурситі, оң жақ кеуде-бұғана буындалуының артриті (РА 1:200, РХ - оң 30.08.2014 ж.)

Ø Томограмманы дұрыс талдады

Ø Жұқпалы аурулар диагнозына күдіктенгенде және дәлелдегенде іс – шаралар алгоритімін дұрыс орындады (жедел хабарламаны жіберу)

Ø Толық этиотропты емнің курсын аяқтау және емхана жағдайында диспансерлік бақылау бойынша нүсқаулар берді.

Жеделдеу бруцеллездің»

клиникалық жағдайының

бағалау парағы (check-list)

Ø Емтихан тапсырушының аты-жөні: ____________________________Күні____________

Ø Емтихан алушы:_____________________________________________________________





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 419 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...