Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып № 54. Лексикалық трансформация



Мазмұны:

1. Лексика туралы жалпы түсінік

2. Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар

3. Халықаралық сөздер

Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір – бірімен сәйкес болу шарттары, әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық – стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.

Халықаралық сөздер дегеніміз – бірнеше тілдерде бірдей дыбысталатын, яғни дыбыстық, мағыналық және грамматикалық құрылымға ие сөздер. Көбіне мұндай сөздер қоғамдық саяси немее ғылыми мағыналарда айтылады. Мысалы: capitalism, astronomy, constitution, system, diameter. Олардың қатарында қоғамдық сөздерді де көре аламыз: occupant, delicate, elegant, scandal.

Халықаралық сөздердің көбісі латын немесе француз тілдерінен енгізілген, өйткені орта ғасырлар кезінде латын тілі халықаралық болып, әдебиет, дипломатия және ғылым тәлә болып саналған. Мысалы Томас Мордың «Утопия» шығармасы латын тілінде жазылды. Ал француз тілінен енгізілген халықаралық сөздер кішкене кейінірек зерттелген. Ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздерінің логикалық мағына жағынан сай келмейді. Осындай сөздердің сәйкес келуі немесе келмеуі globe және planеt сөздерін мысалға ала отырып көруге болады, яғни мағынасы жағынан planеt және планета сөздері бірдей болса, globe сөзі глобус деген мағынамен қатар жер шары, держава, әйнекті абажур дегенді білдіреді. Ағылшын тілінде латын тілінен енгізілген халықаралық сөздердің саны өте көп болғанына байланысты, сөздердің көбісі қосымша мағыналарына ие болды. Мысалы: detail сөзі подробность, деталь, вникание в подробности, детализацияь деген мағыналарға ие. Сондықтан бұл сөз арнайы әскери термин ретінде отряд ретінде немесе солдат сөздерін білдіру арқылы қолданылады. Detail зат есімі көмегімен to detail етістігін тудыруға болады. Agony сөзі ағылшын тілінде жанның қысылуы деген мағынаға ие болса, орыс тілінде агония сөзі өлім алдындағы қысылу деген мағынаны береді. Сондықтан ағылшын тіліндегі аgony сөзі сөйлеу құрылымы ретінде де қолданылады. Мысалы: agony column деген іздестіріп жатқан туысқандар жөніндегі газет мақаласы деп аударылады. Жоғарыда айтылып кеткендей ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздер әртүрлі стилистикалық мағыналарға ие.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1655 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...