Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып№33: Аудармадағы балама туралы түсінік



Мазмұны: 1.Баламалықтың екі түрі; Потециалды және аудармадағы баламалық

2. Идентифтік жағдай

3. Баламаның үшінші түріндегі аудару ерекшелігі

Аудармашының басты міндеттерінің бірі болып – түпнұсқаның мазмұнын толық беру саналады.

Баламалықтың екі түрін ажырата білу керек, біріншісі потенциалды баламалық түрлі екі тілден тұратын екі мәтіннің толық мазмұны және аудармадағы баламалық – түпнұсқа мен аударма мәтіннің мағынасының ұқсастығы. Аудармадағы баламалық түпнұсқаның лингвистикалық деңгейін сақтай отырып, түпнұсқаның әрбір бөлігіне түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, түпнұсқаны дәл беру.

Қандай да бір мәтін болмасын, қарым-қатынас функциясын атқарады: жаңалықтарды баяндайды, сезімді білдіреді, қарым-қатынасқа түсушілер арасында қатынас орнатады және т.б. Осы айтылған қарым-қатынастың мақсаты жалпы берілген ақпарат пен тілдік құрылымын анықтайды. Мына сөздерді салыстырайық: «Үстелдің үстінде алма бар», «Мен алманы қатты ұнатамын», «Маған алма беріңізші», «Сен менің айтқанымды естідің бе?». Осы айтылған сөздерде сөздің құрамы мен мағынасынан бөлек жалпы функционалды мазмұнын байқауға блады: хабарлау, ойлану, таңырқау, бір затты іздеу. Мәтін бір мезетте бірнеше қарым-қатынас функциясын ақаруы мүмкін – жоғарыда айтылған ой тек қана біріккен байланыс мәтінін құруы мүмкін, бірақ ол қарым-қатынас актінің нәтижесі болмайынша функционалды міндетті көздемейді.

Аудармада баламаның бірінші түрі түпнұсқаның тек қана қарым-қатынас мақсатында айтылған бөлігін сақтаумен түсіндіріледі.

(1)Maybe there is some chemistry between us that doesn't mix.

Кейде арамызда мінездері сәйкес келмейтін адамдар да болады.

(2) That's a pretty thing to say.

Ұялсаңшы!

Бірінші мысалда қарым-қатынас мақсаты басқа мағынамен берілді, бұл айтылған ойдың басты бөлігін құрап тұр. Мысалда қарым-қатынас әсері адамның өзіндік көркем бейнелеу қарым-қатынасынан туындап отырып, химиялық элементті пайдаланудың өзі сондықтан. Егер аудармашы аударылатын тілде түпнұсқаны сол күйінде аударса, ол сөйлем түсініксіз болар еді, ал енді аудармашының басқа сөздерді қолдана отырып аударуы айтылған ойға қажетті қарым-қатынас әсерін қамтамасыз етіп отыр.

Екінші мысалда қарым-қатынас мақсаты айтушының сезімін білдіріп тұр. Осы мақсатты жеткізу барысында аудармашы стереотиптік фразалардың бірін қолданды, бірақ бұл қолданылған тілдік тәсіл түпнұсқаның бірліктеріне сәйкес келмегенімен, берілген ойды нақ беріп тұр.

Берілген мысалдарға қарап, қарым-қатынас мақсаты айтылған ойдың жалпы мағынасын білдіреді.

Түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы қарым-қатынасқа мыналар тән: 1) лексикалық және синтаксистік құрылымның сәйкессіздіктері; 2) түпнұсқаның құрылымы, лексикасы мен аударманың семантикалық перефразасымен синтаксистік трансформациялардың байланысының болмауы; 3) тікелей логикалық немесе жанама байланыстың аударма мен түпнұсқада болмауы; 4) түпнұсқаның мазмұны мен аудармада басқа баламалы аудармамен салыстырғанда аз берілуі.

Баламаның екінші түрі түпнұсқаның жалпы мазмұны мен аударма тек қана бірыңғай қарым-қатынас мақсатын беріп қоймай, тілдік жағдайды сипаттайды. Жағдай дегеніміз объектілердің өзара байланысы, оларды суреттеу. Кез- келген белгілі бір жағдайға негізделген ақпараттан тұрады.

Баламаның екінші түрінде түпнұсқаның мазмұнын толық жеткізуде біріншімен салыстырғанда түпнұсқаның басты элементтері сақталады. Аудармада түпнұсқаның семантикалық құрылымы сақталады. Мұның мәнісі мынада-жағдай өз алдына бірнеше іс-әрекетті білдіреді, және оны тез түсіну оңайға соқпайды.

Осыған орай мәтіндегі жағдай мен оның сипаттау тәсілдерін ажырата білу керек. Тілді пайдаланушылар түрлі тәсілдермен сипатталатын идентифтік жағдайды мойындайды.

Идентифтік жағдай – бұл айтылған ойды нақты жағдайларды сипаттау.бірнеше мысал келтірейік:

He answered the telephone.

Ол тұтқаны көтерді.

You are not fit to be in a boat.

Сені қайыққа жіберуге болмайды.

You see one bear, you have seen them all.

Аюдың барлығы бір-біріне ұқсайды.

Келтірілген мысалдарға айтылған ой-пікірде түпнұсқадағы синтаксистік құрамы аударылған мәтінмен сәйкес келмейді.

Түпнұсқа мен аударма арасындағы байланыстар үшін бұл типке мыналар тән: 1) лексикалық құрылымы мен синтаксистік құрамының сәйкессіздіктері; 2)түпнұсқаның құрамы мен аударманың семантикалық перефразасы мен синтаксистік трансформацияларының болмауы; 3) аудармада қарым-қатынас мақсатын сақтау; 4) аудармада бірдей жағдайды сақтау, бұл екі тілдің арасында логикалық тікелей байланыстың куәсі.

Аудармада жағдайға байланысты баламалықты орнату көп жағдайда тілдегі ұжымның әрдайым жағдайды суреттеу үшін бір тәсілді пайдалануымен байланысты. Көбінесе бұл стандартты тілдің формулаларында, алдын-ала ескертулерде, жалпы айтылатын тілектерде, көңіл айтуда және т.б. қолданылады. телефоннан біреудің сұрап жатқанын ести салысымен біз біріншіден: «оны кім сұрап жатыр екен?» деп сұраймыз, ал ағылшынша: Who shall I say is calling? Есіктің қалай ашылатынын көрсеу үшін, ағылшындар есікке мынадай белгіні пайдаланады: «Pull» немесе «Push», бұл сөздің мағынасы қазақша- «өзіңе» немесе «өзңнен». Жаңадан боялған жерге алдын-ала ескерту үшін біз қазақша жазып қоямыз: «Абайлаңыз, боялған», ал ағылшынша- «Wet paint».

Егер түпнұсқадағы суреттелген жағдай аударылатын тілге қатаң белгілі бір тәсілмен аударылатын болса, аудармада ақпараттың құрылымы алдын-ала берілген болар еді. Түпнұсқа мен аудармада сәйкес келетін ақпараттың құрамы бірдей болуы мүмкін, егер ол екі тілде бірдей жағдай сәйкес келсе. Көп жағдайда белгілі бір жәйтті аударылатын тілде суреттеуді алмастыру арқылы аударады. Мысалы ағылшын және американдық авторлардың кітаптарынан үзінді:

Stop! I have a gun! (R. Bradbury).

Тоқта, атамын!

Reduction on taking a quantity (J.Galsworthy)

Тауарды оптом алушыларға жеңілдіктер

Peter's face muscles tightened (A.Hailey)

Питер тісін қисайтты.

He left the ship on Tuesday (A.Jerome)

Ол Сейсенбі күні кемеден түсті

Take a better man than she is, better man than I've ever met, to get away with being insulting to me! (S. Lewis)

Мені себепсіз ренжітетін адам әлі тулған жоқ!

Кейбір жағдайдың белгілері айтушы ұжымға жақсы мәлім болуы мүмкін. Орыс Рецепторына Евангельдінің тарихы, мұнда Христос бес нан және екі балықпен бес мың адамды тойдырғаны өте жақсы белгілі. Осы тарихтан кішкене үзінді:

They found him over tea and one of these fishes which cover the more ground when eaten and explain the miracle of the seven baskets full (J. Galsworthy)

Бұл жағдай белгілі бір елдің тарихы мен мәдениетімен байланысты. Геттисбергтегі соғыс «жеті күндік соғыс» белгілі.(The Battle of the Seven Days),Наполеон «тағдыр адамы» (The man of Destiny), Веллингтон герцогы «темір герцог» ретінде(The Iron Duke), Шотландия «нан әлемі» ретінде белгілі.

Аудармада баламаның үшінші түріне мысал келтірейік:

Scrubbing makes me bad - tempered

Менің еден жуудан көңілім бұзылады.

London saw a cold winter last year.

Өткен жылы Лондонда қыс қатты болды.

Баламаның үшінші түрінде түпнұсқамен аударманы салыстыра отырып мынадай ерекшеліктерге ие:1) сйлемдегі лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылымының параллель болмауы; 2) түпнұсқаның құрылымы мен аудармада синтаксистк трансформация байланысының болмауы; 3) аудармада түпнұсқаның қарым-қатынас мақсаты мен идентифтік жағдайды сақтау; 4) түпнұсқадағы болған жәйтті суреттеу тәсілін қолдана отырып, аударманың жалпы түсінігін сақтау. Сонымен келтірілген мысалдарға қарап түпнұсқа мен аудармада суреттелетін іс-әрекет оның бірдей ақпаратты бейнелеуінен басталады.

Түпнұсқаның мазмұны мен аударма қатынастары формальді – логикалық түсінігі бойынша түрленуі мүмкін: бір мағыналық, біреуге жалынышты болу және қарама-қарсылық..Түпнұсқаның мағынасын түсіну дегеніміз ақпараттың құрамын сақтай отырып, түпнұсқада суреттелген тәсілді пайдалана отырып аудару. Алдыңғы баламаның түрлерінде аудармада ақпарат «не үшін берілді» және «ақпаратта не туралы» екендігі сақталса, ал мұнда «түпнұсқада не айтылды» және суреттелетін жағдайдың қай бөлігі қарым-қатынас объектісін құрайтындығы беріледі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аудармашының басты міндеттерінің бірі

2. Баламалықтың екі түрінің айырмашылығы қандай?

3. Идентифтік жағдай дегеніміз не? (мысалы)

4. Түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы қарым-қатынасқа нелер тән?

5. Баламаның үшінші түрі қандай ерекшеліктерге ие?





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 2343 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...