Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып№26: Инфинитив формасынын аудармасы



Мазмұны: 1. Инфинитив туралы түсінік

2. Инфинитив қызметі

Инфинитив (090011801101лат. infinitivus - аныкталмаған форма) — Флективті және агглютинативті тілдердегі етістіктін кимыл атауының формасы, тұйық рай етістік. Инфинитив етістік баяндауыш түрінде және сөйлемнің предикатив мағынасы есім тектес мүшелерін білдіруде колданылады. Етістіктін баска формаларынан ерекшелігі — Инфинитивте шақ, рай, жак, көпше, жекеше категориялардын морфологиялык көрсеткіштері болмайды. Осындай категориалдык кызметі аз болғандыктан, Инфинитив біркатар тілдерде сөздік форма (сөздікгегі етістік лексемасы) ретінде жұмсалады.

Тарихи Инфинитив үндіеуропа тілдерінде етістіктін парадигмалық түлғасына айналған кимыл мәніндегі есімді білдіреді. Алтай, картвел, семит тілдерінде Инфинитив қимыл есімімен сәйкес келеді де, кейде етістік (шақ, етіс) категорияларын сактай отырып, есімнін морфологиялык, синтаксистік белгілеріне ие болады.

Кейбір тілдердін грамматикалык дәстүрі бойынша, Инфинитивпен кимыл есімі бірге каралады да, жалпы Инфинитив деп аталады. Кызметі жағынан Инфинитив латын, ескі славян тілдеріндегі 011008003051супинге, ағылшын тіліндегі 00511004080903051герундийге жақын. Қазақ тіліндегі кимыл есімі етістіктін түбіріне "у" формасынын жалғануы аркылы жасалады. "У" түлғалы кимыл есімі предикаттык мағынасын сактай отырып, есімдерше түрленеді.

Инфинитивтің көптеген функциялары арасында инфинитивтің іс-әрекет жалғастырушы пысықтауыш функциясын атап өткен жөн. Бұл созылмалы немесе іс-әрекет жалғастырушы инфинитив деп аталады. Бұл функциядағы инфинитив жалғасатын іс-әрекеттерді білдіретін сөйлемдерде қолданылады. Мысалы: I woke up one morning to find myself famous – Мен тамаша бір таңда оянып, өзімнің танымал екендігімді анықтадым. Бұл аударманы дұрыс түсіну үшін ағылшын сөйлемінде бірқатар өзгерістерді енгізу қажет. Мысалы: I woke up one morning and found that I was famous — Мен тамаша бір таңда оянып, өзімнің танымал екендігімді анықтадым.

Адьективты курылымдагы инфинитив

Бұл функциядағы инфинитивті қарастырмас бұрын атауына назар аударайық. «Адьектив» сөзі ағылшын тілінің «adjective» — «сын есім» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл құрылымды сын есімді құрылымдардағы инфинитив деп атауға болады. Бұл құрылымдағы инфинитив өздік және ырықсыз етістерде қолданылады. Ағылшын тілінде өздік етіс active voice, ал ырықсыз етіс passive voice деп аталады. Мұндай құрылымдағы инфинитив көбіне «қажеттілік» деген мағынаны береді. Мысалы: New zoo for children at Victoria Park London to be opened in 1966 is proposed by the Greater London Council’s Park Comitee – Үлкен Лондонның муниципалитетіндегі саябақ комитеті 1966 жылы ашылуға тиісті Виктория паркінде балаларға арналған жаңа хайуанаттар бағын құруға ұсыныс жасады. Дәл осы сөйлемді басқаша етіп аударуға болады. Мысалы: New zoo for children at Victoria Park London to be opened in 1966 is proposed by the Greater London Council’s Park Comitee – Үлкен Лондонның муниципалитетіндегі саябақ комитеті 1966 жылы Виктроия саябағында балаларға арналған жаңа хайуанаттар бағын ашуды ұсынды. Бұл сөйлемнен біз инфинитивтің адьективті немесе сын есімді құрылымында кейбір жағдайда модальдік мағынадан ауытқитынын көреміз.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Адьективты курылымдагы инфинитив туралы түсінік

2. Инфитив аудармасын қолдана отырып мысал құрастырыңыз





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1716 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...