Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Медициналық симуляция сценариі



Клиникалық жағдай: Экссудатты плевритпен асқынған пневмонияның диагностикасы.

Ситуациялық есеп: Сіз – терапия бөлімінің дәрігерісіз.Палатаға 24 жасар Б. науқас келіп түсті.

Ø Науқасты қарап анамнезін жинаңыз

Ø Зертханалық-аспаптық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Алғашқы диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу және емдеу тәсілін анықтаңыз

Қорытынды нәтиже (outcomes):

Ø Өкпе патологиясы бар науқасты физикальді қарау және сұрастыруды жүргізудің дұрыстығы.

Ø Ауруханадан тыс пневмонияның клиникалық диагностикасы және асқынуын анықтау

Ø Зерттеу мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан анализі; қақырық анализі, плевра сұйықтығының анализі, кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы; электрокардиограмма;

Ø Плевра қуысында сұйықтық жиналу кезінде шұғыл көмек көрсету.

Ø Экссудатты плевритпен асқынғын пневмониясы бар науқасты жүргізу тәсілі, жағдайының мониторингі.

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: кеуде аймағында сыздап ауру сезімі және ауырлық сезімі, аздаған физикалық күштемеде ентігу, жүрек соғуы, мөлшері аз қақырықпен жөтел, қалтырау, дене температурасының 38,5-39°С дейін жоғарылауы, бас ауруы, жалпы әлсіздік, дімкәстік, тершеңдік.

Сұрақ мәні Сұрақтың дұрыс койылуы Жауап
Ентігу түрін нақтылау Қандай ентігу – тыныс алу немесе тыныс шығару қиын ба? Ауа жетпейді, тыныс алу қиын.
Ентігу ұзақтығы   Ентігу үнемі мазалайды ма немесе тек күштемеде пайда болғанда ма? Ентігу апта бойы мазалайды, алғашқы күндері физикалық күштемеде пайда болды, енді үнемі және тыныштықта да мазалайды
Жөтелдің сипаттамасы Жөтел қандай: жиі, ұстама тәрізді, құрғақ, ылғалды? Жөтел жиі, күшті емес, түнде жиіірек мазалайды.
Қақырық бөліне ме, бөлінсе қандай. Жөтелгенде қақырық бар ма, шырышты, іріңді, қан араласқан ба? Жөтел қақырықпен, қақырық аз, сары түсті, жеңіл бөлінеді.
Кеуде қуысындағы ауру сезімі Кеуде қуысындағы ауру сезімі немен байланысты, қай бөлігінде қатты ауру сезімі байқалады? Ауру сезімі кеуденің оң жартысында, алғашында күшті шаншитын ауру сезімі болды, жөтелгенде күшейетін, терең тыныс алуға мүмкіндік бермеді. Кейін азая бастады, қазір ауру сезімі жоқ, тек ауырлық сезімі мазалайды
Температураның жоғарылау ұзақтығы Дене температурасы қанша уақытқа және қаншаға дейін көтерілді? Температура апта бойы болды, алғашында 37,5°С, кейін 39,2°С көтерілді, кеше қалтырау қосылды.

Анамнезінде: ауыру 2 апта бұрын суықтаудан кейін басталды. Мұрыннан су ағудан, дімкәстіктен, бас ауруынан, дене қызудың 37-38°С жоғарылауынан басталды. Кейін құрғақ жөтел, жөтелгенде және терең тыныс алғанда кеудеде шаншып ауру сезімі, әлсіздік қосылды. Жөтелгенде аз мөлшерлі, сары түсті қақырық бөліне бастады. Кейін ауру сезімі біртіндеп басылды, бірақ ентігу өрши түсті. Кеше қалтырау пайда болды, температура 39,2°С дейін жоғарылады. Түнде жағдайы нашарлап, таңертең жедел жәрдем шақырып ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде қан, зәр, қақырық анализі алынды, кеуде қуысына рентген зерттеу жасалды, ЭКГ түсірілді.

Жеке үйде тұрады, пеш арқылы жылытылады. Құрылыста жұмыс істейді, темекі шекпейді.

Қарау: бойы 170 см, дене салмағы 63 кг. ТАЖ – 28 рет мин. АҚҚ – 95/65 мм.с.б., ЖСЖ – 115 рет минутына. Дене температурасы 39,0°С. Интоксикация симптомдары және тыныс жетіспеушілігі әсерінен науқас жағдайы орташа ауырлықта. Науқас әлсіз, қимылы аз, тыныс алуы жиі, беткей. Тері жабындысы бозарған, ылғалдылығы жоғары, периоральды орташа цианоз. Кеуде қуысы нормостеникалық, оң жақ бөлігі тыныс алғанда қалынқы, оң жақ қабырғааралықтар тегістелген.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 502 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...