Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ыз бала, 6 жасар



Шағымдары: ауаның жетпеу сезімі, ентігу, жабысқақ құрғақ жөтел, дене қызуының 39,2°С дейін жоғарылауы, ішінің ауруы, жалпы әлсіздік, селсоқтық.

Сұрақтың мәні Әртіске арналған сұрақтар Жауап
Ентігудің сипатын нақтылау Ентігуі қандай – тыныс алуы ма әлде тыныс шығаруы қиындаған ба? Аралас ентігу (тыныс алу мен тыныс шығарудың қиындауы)
Ентігудің ұзақтығын нақтылау   Ентігу үнемі мазалайды ма әлде тек жүктеме кезінде пайда болады ма? Ентігу үш күн бойына мазалайды, алғашқы күндері дене жүктемесі кезінде болатын, кейіннен тыныштық жағдайда да болатын болды
Жөтелдің сипатын нақтылау Жөтелдің сипаты қандай, жиі, ұстама тәрізді, құрғақ, ылғалды ма? Жөтел құрғақ, жиі, жабысқақ
Қақырықтың сипатын нақтылау Жөтел кезінде қақырық бар ма, оның сипаты қандай?   Жөтелі құрғақ, қақырықсыз
Іштегі ауру сезімінің сипаты Іштегі ауру сезімінің пайда болуы немен байланысты, іштің қай жерінде ауру сезімі басымырақ Ауру сезімі оң жақ қабырға астында, ол жөтел кезінде күшейеді
Дене қызуы жоғарылауының ұзақтығы Дене қызуы қанша күн жоғарылады және қандай санға дейін көтерілді. Дене қызуының жоғарылауы 3 –ші күн, басында 38,0°С, содан соң қызуы одан да жоғарылай бастады 39,2°С дейін көтерілді

Анамнезінде: қыз бала жиі ауыратын балалар тобынан. Осы жылдың ағымында бала үш рет бөліктік пневмонияны басынан өткерді. Ауруханадан шығарғаннан кейін дәрігерлер берген барлық ұсыныстар толық көлемде орындалмады. Ауруы дене қызуының 38,0°С дейін жоғарылауымен басталды, сосын 39,2°С дейін жоғарылай бастады. Жөтелі құрғақ. Ата анасы шылым тартады. Тұрмыстық жағдайы нашар.

Пенициллин қатарындағы антибиотиктеріне аллергиясы бар.

Объективті: баланың жасы алтыда, бойы 115см, салмағы 21 кг. ТЖ – 38 мин. ЖЖЖ –128 соққы минутына.

Науқас енжар, әлсіз, аралас сипаттағы ентігуі бар. Терісі бозарған, периоральды цианоз бар. Тыныс алуы көмекші бұлшықеттердің, қабырға аралық бұлшықеттердің, эпигастрий аймағының қатысуымен. Өкпесінде перкуторлы оң жақта төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы анықталады. Аускультация кезінде әлсіреген тыныс фонында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар мен сықырлар естіледі. Жүрек үндері кереңделген, тахикардия, жүрек ұшында функциолналды сипаттағы систолалық шу бар. Бауыры пальпацияланбайды, ішіне терең пальпация жасағанда ауырсынбайды.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 482 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...