Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мерчандайзинг саймандары



Мерчандайзингтің нақты саймандары туралы айтудан бұрын, ең алдымен кейбір түсініктердің нақты мәнін анықтау керек.

Сату нүктесі (немесе сатып алу нүктесі) – бұл нақты дәріхананың сауда залындағы өнім орналасатын орын. Сату нүктесіне мысал ретінде рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың секциясын, қандай да бір марканың косметикаларының фирмалық вертикальды сдендісін және т.б. айтуға болады. Дәріхананың мерчандайзинг стратегиясында келесі маңызды салалардағы іс-әрекеттер жоспарпы болу керек.

Сұранысы жоғары тауарларға тауар қорын ұйымдастыру.

Сөрелерде ең алдымен сатып алушылар осы дәріханадан тапқысы келетін заттар орналасуы керек. Өндіруші өзінің мерчандайзингтік стратегиясында әрбір сауда нүктесінде жылжытатын маркалары мен бумаларының жиынтығын көрсетеді. Бұл жиынтық әртүрлі сауда каналдарында әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, дәріханаларда сатып алушы дәрілік заттардың кең ассортинметін көргісі келеді, майда дәріханалық пункттерге қарағанда. Сатып алушылардың жоғары сұранысына ие тауар маркалары мен бумалары барлық уақытта сөреде болуы керек, жабдықтаушылардан ол тауарларды сатып алу сату көлеміне пропорционалды жүруі керек. Мұнан басқа тауарлар сөрелерде сату деңгейіне байланысты орын алу керек. Бұл көп сатылатын тауарлар әрқашанда жеткілікті мөлшерде болуы үшін қажет.





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 864 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...