Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖҮЙЕСІ. Студенттерді фармацевтикалық нарыққа маркетингтік зерттеулерді жүргізу және маркетингтік ақпаратты талдау бойынша



МАҚСАТЫ

Студенттерді фармацевтикалық нарыққа маркетингтік зерттеулерді жүргізу және маркетингтік ақпаратты талдау бойынша дағдыларға үйрету.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ

Студенттерде дағдыларды қалыптастыру:

· нарыққа, тұтынушыларға, бәсекелестерге, тауарларға, бағаға, тауар өқозғалысына және сатуға маркетингтік зерттеулерді жүргізу;

· маркетингтік ақпаратты талдау.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешуч:

Дәріханадан келесі дәрілік заттар сатылады:

1. Ампициллин – таб. 0,25; таб. 0,5; фл. 1,0 д/ин. 2. Бензилпенициллина Na соль – фл. 1 млн. ЕД; фл. 500 тыс. ЕД 3. Тетрациклин – таб. 0,25 4. Хлорамфеникол – таб. 0,25 5. Амоксиклав – таб. 0,75   6. Кефзол – фл. 1,0 д/ин. 7. Мандол – фл. 1,0 д/ ин. 8. Суммамед – таб. 0,25; таб. 0,5 9. Гентамицин в амп. 30% – 1 мл № 20 д/ин. 10. Тобрамицин – фл. 1,0 д/ин. 11. Доксициклин – таб. 0,25; таб. 0,5; фл. 1,0 д/ин.; фл. 0,5 д/ин.

Ассортиментке маркетингтік талдау жүргізу барысында кеңдігі, толықтығы (қанықтығы) және тереңдігі зерттеледі. Ассортименттің кеңдігі – тауардың ассортименттік топшаларының немесе класстарының саны. Толықтығы (қанықтығы) – ассортименттік топшадағы (класстағы) тауар бірліктерінің саны. Тереңдігі – бір тауарлық атаудың ассортименттік позицияларының саны.

Осы көрсеткіштердің талдауы көтерме фармацевтикалық фирмалардың айналым ведомостарының, ауруханалардың кіріс накладнойларының және дәріханалар мен дәріхана қоймаларында нақты ұсынылған ассортименттердің мәліметтері бойынша жүргізіледі (антибактериалды препараттардың мысалында).

Ассортименттің кеңдігі антибактериалды антибиотиктердің топша саны ретінде қарастырылады. Кеңдігін сипаттау үшін кеңдік коэффициенті Кш келесі формуламен есептеледі:

Кш = Шф , мұндағы
Шб

Шб – базалық кеңдік (химиялық жіктелу бойынша берілген антибактериалды антибиотиктердің ктопшаларының саны), бұл жағдайда ол 6-ға тең;

Шф – нақты кеңдік (зерттелетін ұйымдағы бар антибактериалды антибиотиктердің топшаларының саны).

Толықтығы дегеніміз (қанықтығы) әрбір топшадағы дәрілік препараттардың ассортименттік позицияларының саны, яғни мөлшерін, қаттамасын және дәрілік қалып түрін ескере отырып антибактериалды антибиотиктердің атауларының саны. Толықтық (қанықтық) коэффициенті есетеледі:

Кн = Пф , мұндағы
Пб

Пб – базалық толықтығы (ҚР территориясында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген антибактериалды антибиотиктердің саны);

Пф – нақты толықтығы (зерттелетін ұйымда бар антибактериалды антибиотиктердің топшаларының саны).

Ассортимент толықтығы мен тереңдігінің базалық шамалары ретінде ҚР тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттардың Тізімінің мәліметтері алынды. Сонымен, зерттелетін кезеңде антибактериалды антибиотиктердің 6 топшасында 143 атау болды. Жиі кездесетін дәрілік препараттар үшін антибактериалды антибиотиктердің ассортиментінің тереңдігі тереңдік коэффициентінің көмегімен келесі формула бойынша есептеледі:

Кг = Гф , мұндағы
Гб

Гб – ҚР тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттардың Тізіміне сәйкес бір тауарлық атаудың ассортименттік позицияларының саны число ассортиментных позиций одного товарного наименования в соответствии с Перечнем лекарственных средств, зарегистрированных и разрешенных к применению в РК;

Гф – зерттелетін ұйымдағы бар бір тауарлық атаудың ассортименттік позицияларының саны.

Ассортимент құрылымы дегеніміз осы тауарлардың (немесе жалпы сату көлемінің) жалпы массасына қатысы бойынша топтардың, топшалардың, ассортименттік позициялардың саны (сату көлемі).

№ 1 ЕСЕП. Жіктелуі келесідей екенін ескере отырып дәріханадағы антибактериалды препараттардың ассортимент кеңдігін анықтаңдар:

1. Пенициллиндер

2. Цефалоспориндер

3. Макролидтер

4. Тетрациклиндер

5. Аминогликозидтер

6. Басқа да антибиотиктер.

Жауап:

Кш = Шф =   = 1
Шб  

№ 2 ЕСЕП. «Пенициллиндер», «аминогликозидтер» және «цефалоспориндер» топтары бойынша дәріханадағы ассортименттің толықтығын анықтаңдар. «Пенициллиндер» тобы Ттңркелген және қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар Тізімінде 15 тауарлық позициямен берілген, аминогликозидтер – 22, цефалоспориндер – 10.

Жауап:

Кп1 = Пф1 =   = 0,2 (пенициллиндер)  
Пб1    
Кп2 = Пф2 =   = 0,09 (аминогликозидтер)
Пб2  
Кп3 = Пф3 =   = 0,2 (цефалоспориндер)  
Пб3    
               

№ 3 ЕСЕП. Келесі антибактериалды антибиотиктердің ассортимент тереңдігін анықтаңдар: ампициллин, бензилпенициллин, гентамицин, доксициклин.

Реестр мәліметтері бойынша, тауарлық бірлікке:

1) ампициллинде 8 ассортименттік позиция кіреді;

2) бензилпенициллинде – 12;

3) гентамицинде – 6;

4) доксициклинде – 8.

Жауап:

Кг1 = Гф1 =   ; Кг2 = Гф2 =   ; Кг3 = Гф3 =   ; Кг4 = Гф4 =  
Гб1   Гб2   Гб3   Гб4  

2 тапсырма. Маркетингтік ақпаратты қолдана отырып ҚР нарығына маркетингтік талдауды жүргізіңіз (фармацевтикалық журналдар, газеттер, көтерме-фармацевтикалық компаниялардың прайс-парақтары):

· дәрілік заттарды өндіруші фирмалар мен импорттайтын елдердің тізімін жасаңдар;

· көтерме фармацевтикалық фирмаларадың прайс-парақтарында көрсетілген дәрілік заттарды дәрілік қалып түрлері бойынша сегменттеңдер;

· таблеткалардың, жағылмалардың, гель және т.б. дәрілік қалыптардың меншікті үлесін анықтаңдар.

3 тапсырма. Дәріханадан келесі дәрілік заттар бостылады:

1. Ампициллин – таб. 0,25; таб. 0,5; фл. 1,0 инъекцияға.

2. Бензилпенициллина Na соль – фл. 1 млн. ЕД; фл. 500 тыс. ЕД

3. Тетрациклин – таб. 0,25

4. Хлорамфеникол – таб. 0,25

5. Амоксиклав – таб. 0,75

6. Кефзол – фл. 1,0 инъекцияға.

7. Мандол – фл. 1,0 инъекцияға.

8. Суммамед – таб. 0,25; таб. 0,5

9. Гентамицин в амп. 30% – 1 мл № 20 инъекцияға.

10. Тобрамицин – фл. 1,0 инъекцияға.

11. Доксициклин – таб. 0,25; таб. 0,5; фл. 1,0 д/ин.; фл. 0,5 инъекцияға.

Келесі антибактериалды антибиотиктердің ассортимент тереңдігін анықтаңдар: ампициллин, бензилпенициллин, гентамицин, доксициклин.

Реестр мәліметтері бойынша, тауарлық бірлік:

1) ампициллинде 8 ассортименттік позиция бар;

2) бензилпенициллинде – 12;

3) гентамицинде – 6;

4) доксициклинде – 8.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 1086 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...