Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Химиялық заттар



Химиялық заттардың арасында микроорганизмдердің дамуын тежейтін және тіпті тіршілігін де жойып жіберетін заттар болады.

Микроорганизмдердің тіршілігн жоятын заттар антисептиктер деп аталады. Әсер етуі жағынан олар әр түрлі болады. Біреулері тіршілігін тежейді немесе оларға сезімтал микробтардың көбеюін тежейді; бұндай әсерді бактериостатикалық (бактерияларға қатысты), немесе фунгистатикалық (саңырауқұлақтарға қатысты) деп атайды. Микроорганизмдерд өлімге ұшырататын заттар бактерицидтер немесе фунгицидтер деп аталады. Өте аз мөлшерлерде көптеген химиялық улар микробтардың биохимиялық активтілігін немесе көбеюін ынталандырады.

Микроорганизмдерге химиялық заттардың әсерінің эффектілігі концентрациядан басқа заттың табиғатына, микроорганизмнің биологиялық ерекшелігіне, оған әсер ету ұзақтығына, температураға, ортаның рН және құрамына тәуелді.

Алуан түрлі микроорганизмдердің бір антисептикке сезімталдылығы да әр түрлі болады. Әдетте, вегетативті клетка споралары төзімдірек болып келеді.

Бейорганикалық қосылыстардың ішінен күшті әсер ететіндер қатарына ауыр металдардың тұздары жатады. Ерітінділерде аз концентрацияларда кездесетін, тікелей анықтауға келмейтін кейбіреулерінің иондары – алтын, мыс және ерекше күміс иондары, микроорганизмдерді өлімге ұшырату мүмкін. Бұл спецификалық әсер – олигодинамикалық деп аталады (“oligos” - аз, “dinames” - күш). Күмістің олигодинамикалық қасиеттерін ішуге жарайтын суды дезинфекциялау үшін қолданады. Күмістің әр түрлі препараттарын және материалдарын медициналық практикада қолданады.

Көптеген тотықтырғыштар (хлор, йод, судың асқын тотығы, марганецқышқылды калий); минералды қышқылдар (күкіртті, бор, фтор-сутекті) бактрицидті әсер көрсете алады. Микроорганизмдерге сонымен қатар күкіртті сутек, көміртек оксиді, күкіртті газ әсер етеді.

Көптеген органикалық қосылыстар микробтар үшін улы. Фенолдар, альдегидтер, формальдегидтердің, спирттер, кейбір органикалық қышқылдардың (салицил, сірке, бензой, сорбин) алуан түрлі дәрежедегі әсері тіршілікті жояды. Бұл қышқылдардың әсері рН мәнінің төмендеуімен емес, ал клеткаға диссоциирленбеген молекулалардың өтуіне байланысты жүзеге асады. Эфир майлары, шайырлар, дубильді заттар, көптеген бояғыштар (генциан-виолет, бриллиантты жасыл, фуксин) бактерицидті әсерге ие.

Микроорганизмдер арасында клеткалық және метаболиттік уларға тұрақты формалар кездеседі, ал кейбіреулері оларды пайдалануға да қабілетті. Мысалы, фенол, Н2S, көміртек оксиді.

Антисептиктердің әсер ету механизмдері алуан түрлі. Олардың көпшілігі клетка қабырғаларын бұзады, цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігіне зиян келтіреді. Клеткаға өте отырып, олар оның белгілі бір компоненттерімен әсерлеседі, соның нәтижесінде клетканың метаболитикалық процестері өзгеріске ұшырайды. Ауыр металдардың тұздары, формалин, фенолдар цитоплазма белоктрына әсер етеді, ферменттер үшін у болып табылады. Спирттер және эфирлер клеткалық мембраналардың липидтерін ерітеді.

Көптеген асептикалық заттар медицинада, ауыл шаруашылығында, өндірісте және тұрмыста ауру тудырғыш микробтармен күресу үшін қолданылатын дезинфекциялаушы құрал болып саналады.

Антисептикалық заттар тоқыма материалдарын, древесинаның, қағаз және одан жасалған басқа да өнімдердің микробтармн зақымдануынан қорғайды. Антисептиктерді консервілеуде қолдану шектеулі және заңмен қадағаланады.

Химиялық заттар тағам өнімдерін қңдеуде тек аз концентрацияларда қолданылады, сондықтан олар микроорганизмдерге жоғары биоцидті немесе биостатикалық әсерге ие болулары қажет. Олар бірдей адам үшін зиянсыз болуы тиіс, өнімдерге теріс әсер етпеуі керек, өнімнің, ыдыстың, технологиялық аппаратураның материалдарының заттарымен реакцияға түспеу керек, беттік жақтардан тез жойылуы керек, қолдану үшін экономикалық тиімді және қолжетімді болуы қажет.

Әлемдік практикада кейінгі жылдары антисептиктердің полимерлі дезинфицирлеуші заттар классы қолданылуда. Олар басқа төменмолекулалы биоцидті заттармен салыстырғанда, қауіпсіз және эффективті.

Полимерлі биоцидтердің ішінен құрамында полигуанидиндері бар қосылыстар ерекшеленеді. Гуанидиндер – жаңа антисептиктер түрлері, амоний қосылыстары, БАЗ, фенол туындылары және хлорактивті дезинфицирлеуші препараттарға қарағанда, әлдеқайда эффективті. Қазіргі таңда перспективті және эффективті дезинфектант-полигунидин полигексаметиленгидрохлорид (ПГМГ), бұл өз кезегінде БИОР-1, ПОЛИСЕПТ-ОП деген атаулармен тағам өндірісте қолданылуда.

“БИОР-1” МГУ-нің тағамдық биотехнология кафедрасының қызметкерлері Брест концернінің “Мясомолрома” ірімшік заводтарында, Останкиноның сүт комбинатында антибактериалды, саңырауқұлаққа қарсы, профилактикалық дезинфекция препараты ретінде бақылады. Бұл препарат ешқандай зиян келтірмейтіні анықталды.

Бұл топтың жаңа препараты “ПОЛИСЕПТ-ОП” гигиеналық және экологиялық қауіпсіз қалдықтардың төмен концентрациясымен ерекшеленеді; төмен ұшқыштығымен және су ерітінділеріндегі сақтау тұрақтылығымен сипатталады. 0,1-0,005% концентрациясында 5-25 мин барысында грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің тіршілігін жояды.

Етсүтті өндірістік орындарында эпоксидті және перхлорвинил беттерді модификациялау әдістері өңделіп, кіріктірілді. Эпоксидті және перхлорвинил құрылымға 2% полифункционалды қосылыстарды қосу арқылы бөгде микрофлораның дамуын тежейді.

Тағамдық шикізаттар мен өнімдерді микроорганизмдерден ұзақ сақтау үшін латекс негізінде қауіпсіз полимерлі пленкаларды қолдану жаңа бағыт болып табылады. Латекстер – ұшқыш заттарға қатысты селективті өткізгіштігі бар жоғарымолекулалы қосылыстар.





Дата публикования: 2014-09-01; Прочитано: 2812 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...