Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Демография және экологиялық мәселелер



Демография (грек. демос – халық) – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.

Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары – экологиялық демография немнесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді. Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. Адамға жақын. Табиғаәқ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Сонғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазірөмір сүретін адамдардың ¾ -і сәйкес келеді№ Ғасырдың екіншіжпартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млнөға артып отырады. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторанынаң басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. Әқ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады.

Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсіуне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе? Ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған. Ейбір Африка мемлекеттеінде салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек – 21 ғасырда байқалған. Бул елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән. Бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер –кеделенуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.

14 Дәріс (1 сағ.)





Дата публикования: 2014-09-01; Прочитано: 2621 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...