Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есепке алу жүйесі



Мақсаты: Кітапхана үшін оқырмандарға кітаптарды беруге мүмкіндік беретін, оқырманның қарыздарын қадағалап отыратын және берілген уақыт аралығындағы орындалған есептерді құруға мүмкіндік беретін есеп жүйесін құру болып табылады.

Көрініп тұрғандай, конфигурацияда «Книги» анықтамалығы болуы тиіс. Әр кітаптың ерекше кітапханалық нөмірі (код) бар. Айта кететін жайт, бір туындының бірнеше көшірмесі болуы мүмкін.

Көрініп тұрғандай, конфигурацияда «Читатели» анықтамалығы болуы қажет. Әр оқырманға ерекше нөмірі бар оқырман билеті беріледі.

Бағдарламада келесі оқиғалар тіркелуі керек:

· Кітапханадан кітап оқырманға белгілі бір мерзімге берілуі тиіс;

· Кітап берілу мерзімі ұзартылуы тиіс;

· Оқырманның кітапты кітапханаға қайтаруы;

· Оқырманның кітапты жоғалтып алуы.

Конфигурацияда әр оқиға үшін сәйкесінше құжат қарастырылуы қажет.

Кітапхана жұмысының ережелері келесі:

· Оқырман кітапханадан тек белгілі-бір мөлшердегі кітаптарды ғана ала алады (кітап мөлшері кітапхана директорымен бекітіледі);

· Оқырман әдетте кітапты бір айға ғана алады, бірақ егер ол алдын-ала айтатын болса, одан ұзақ мерзімге алуына болады;

· Оқырман кітапты тапсыру мерзімін ұзарта алады, яғни ол кітапты бекітілген мерзімнен кейінірек әкелетінін хабарласа;

· Кітапты әкелу мерзімі өтіп кетсе, оқырман ескерту алады;

· Егер оқырманның ескертулері шамадан тыс асып кетсе, ол 1 ай кітапханамен қолдана алмайды;

· Кітапты жоғалтып алған жағдайда, оқырман,а ескертулер санына қарамастан, 1 ай кітапханаға келуіне тиым салынады;

Бағдарламада белгілі-бір уақыт мерзімінде орындалған іс-әрекетті көрсететін кітапханалық есеп беру мүмкіншілігі болуы тиіс. Есеп беруді көрсетілген оқырман және/немесе көрсетілген кітап бойынша өткізуге мүмкіншілктері болуы тиіс.

Бағдарламада белгілі-бір оқырманның дәл сол уақыттағы нақты қарыздарын білуге, яғни оның қолында қандай кітаптар бар және ол оларды қашан қайтару керектігі жайында ақпарат алуына мүмкіншілігі болуы қажет.





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 523 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...