Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

С:Кәсіпорын жүйесінің берілген элементтерінің формасын жасау үшін арнайы форманың диалогы қолданылады



Диалог дегеніміз бұл қандай бір ақпаратты жасау үшін және қарау үшін арнайы жасалған экранның формасы. Диалогтың көмегі арқылы бағдарлама қолданушыдан қажетті ақпаратты сұрайды немесе қолданушыға қандайда бір ақпаратты қарау үшін көрсетеді. Диалогтың терезесі экранның тіктөртбұрышты аймағы болып табылады. Ол ақпаратты шығаруға және басқаратын элементтерді көрсетуге мүмкіндік туғызады. Диалогты тағайындау - қолданушыға ақпаратты шығару мен қараудың ыңғайлы формасын ұсынады.

Формалардағы ақпаратты жасау үшін диалог редакторының келесі типтегі элементтері қолданылады:

Кесте 1 – Элементтер жиынтығы

• мәтін; • шығару өрісі; • көп жолдың бөлігі(кесте); • тізбек;
• тізім; • кестенің мәні; • тізбегі бар өріс; • флажок;
• батырма; • сурет; • шекара.  

Мәтін. Диалогтың экранында мәтінді шығаруға көмектеседі. Мәтіндік өріс статистикалық немесе ақпараттық болуы мүмкін. Статистикалық мәтіннің өрісінің мазмұны ақпаратты диалогқа енгізгенде өзгермейді. Ақпараттық мәтіндік өрісте әртүрлі ақпарат шығарылуы мүмкін және оның мазмұны диалогпен жұмыс жасағанда өзгертілуі мүмкін.

Шығару өрісі. Шығару өрісі ақпаратты енгізгеннен кейін ол сақталып, өңделуі үшін қолданылады.

Көп жолдың бөлігі(кесте). Көп жолдың бөлігі(кесте)— ақпаратты кестеге енгізілуін ұйымдастыратын арнайы диалогтың элементі.

Тізбек. Кестемен байланысты арнайы элемент, көп сатылы тізбек құрылымы ретінде ұсынылады. Мысалы: Тауарлардың көпсатылы анықтамалықтары.

Тізім. Тізім элементі қолданушыға тізімдердің мәнің көрсету үшін және олардың біреуінің мәнің таңдап алуға арналған.

Кестенің мәні. Бұл элемент кестенің мәнің ұсыну үшін қолданады.

Тізбегі бар өріс. Бұл элементтің атқаратын қызметі тізім элементімен бірдей болып келеді. Айырмашылығы бұның таңдау батырмасы бар.

Флажок. Бұл элемент қолданушыға қосу/сөндірудің мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

Батырма. Бұл элемент стандартты батырманы жасауға көмектеседі. Батырма қандай да бір процедураны орындауға мүмкіндік туғызады.

Сурет. Сурет элементі диалогтың терезесінде суреттің орналасуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент ешқандайда функционалдық жүктемені меңгермеген, тек қана рәсімдеу үшін қолданылады.

«Шекара» элементі басқа элементтерді қоршаған шекара салады. Ол арқылы терезенің атың жасауға мүмкіндік беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1) Құжаттың модулі дегеніміз не?

2) Нумератор дегеніміз не?

3) Нумератордың негізгі міндеті не?

4) Диалог дегеніміз нені білдіреді?

5) Мәтіндік өрісті қалай түсінесің?

6) Шығару өрісі дегеніміз не?


8 Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартында (БЕҚС)





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 827 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...