Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері



1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.

2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.

3. Позитивті және нормативті экономика.

Негізгі сөздер: Экономика, Саяси экономия, экономикалық теория, Экономикалық заңдар, Экономикалық категория.

1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.

Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.

Экономика – материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.

Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон,Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. «Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш еңгізген А.Монкретьен болатын. 1615 ж оның «саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықыты жүргізу кеңестері мазмұндалған.

2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.

Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

1. Абстракция

2. Индукция және дедукция.

3. Анализ, синтез.

4. Тарихи және логикалық.

5. Графикалық әдіс –кесте, диаграмма, схема.

6. Моделдеу.

3. Позитивті және нормативті экономика.

Позитивті экономика – дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар. Ал экономиканың тиімділігі жөнінде сөз болғанда, онда мұны нормативті экономикалық ғылым деп білеміз. Нормативті экономика – елдің экономика туралы бағалау пкірлері.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 6679 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...