Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шынжырлар туралы жалпы түсінік



Жұмыс мақсаты: Шынжыр құрылысымен танысу, олардың жұмыс мақсаты, параметрлерін анықтау, машина жетектері үшін шынжырды есептеу және таңдау.

1. Қазіргі заманғы шынжырлардың негізгі түрлеріне роликті, втулкалы және тісті шынжырлар жатады. Шынжырлар бір қатарлы және көп қатарлы болып жасалады. Олар арнайы зауыттарда стандартталып жасалады.

Шынжырдың негізгі сипаттамасына қадам, ені және қопару күшін жатқызуға болады.

3 - сурет. Роликті шынжыр сызбалары.

а) бірқатарлы

б) екі қатарлы

Мұнда білік 3 сыртқы түйіннің 2 тесігіне престелген, ал втулка 4 ішкі түйіннің тесігіне 1 престеледі.

Білікшеде втулкада және ролик 5 втулкада еркін айнала алады. Жұлдызша тісі 6 мен шынжырдың ілінісуі ролик арқылы жүзеге асады.

Втулканы қолдану себебі түсетін күш білікшеге бірдей ұзындықта әсер етеді және топсаның қажалуын төмендетеді.

Роликтің айналып қозғалуы жұлдызша тісіне әсер ететін сырғанау үйкелісі мен домалау үйкелісінің орнын басып, тіс қажалуын төмендетеді. Роликті шынжырлар айналмалы жылдамдығы 20 м/с –қа тең болған жағдайда қолданылады. Бір қатарлы шынжырларға ұқсас етіп екі, үш, төрт қатарлы шынжыллар дайындалады. Көп қатарлы шынжыр шынжырға түсетін жүкті қатар санына пропорционал жоғарылата алады. Втулкалы шынжыр құрылысына қарағанда роликті шынжырға ұқсас.

Осылардың әсерінен шынжыр мен жұлдызша қажалуы үлкейіп, бірақ салмағы мен шынжыр бағасы төмендейді.

Шынжыр пластикасын жасау үшін Болат 45, 45Х болаттары қолданылады, қаптамалар мен роликтер үшін 15, 20, 20Х болаттары қолданылады. Шынжырдың топсалары детальдары көп жағдайда цементтеледі және ол оның қажалуға тұрақтылығын арттырады.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1624 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...