Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Иммунды белсендіруші дәрілер



Иммунды белсендіруші дәрілер деп – гуморальды және жасушалық иммунды жауапты жоғарлататын дәрілік заттар. Иммунды белсендіруші дәрілердің негізгі ерекшелігі оның әсері ауру қоздырғышы мен патологиялық ошағында емес, ал моноциттер популяциясына бей арнайы ынталандырушы әсер етеді (макрофагтар, Т- және В-лимфоциттер мен олардың субпопуляциялары). Оларды иммунды жетіспеушілік жағдайларда, созылмалы баяу ағымды инфекцияларда және де кейбір ауруларда қолданады. Иммунды белсендіруші дәрілерге жататындар:

1. Шығу тегі эндогенді полипептидтер және де олардың аналогтары (тималин, тактивин, миелопид, иммунофен және т.б.).

2. Синтетикалық препаратттар (левамизол, полиоксидоний).

3. Шығу тегі микробтық препараттар және олардың аналогтары (бронхомунал, рибомунал, продигиозан, ликопид).

4. Интерферондар (ИФН). Олардың белсенді компоненттері бойынша ИФН-α, ИФН-β және ИФН-γ және әртүрлі алу тәсілдері бойынша табиғи (ИФН-α, ИФН-β және ИФН-α-n1) және рекомбинантты (ИФН-α-2a, ИФН-α-2b және ИФН-α1b).

5. Интерферон индукторы (интерфероногендер), эндогенді ИФН синтезін күшейтуші препараттар (Тилорон, полиаденил қышқылы, меглумин акридонацетаты).

6. Интерлейкиндер (ИЛ-2 адамдық рекомбинантты, ИЛ-1 адамдық рекомбинантты).

7. Иммуноглобулин препараттары (IgG адамдның қалыпты иммуноглобулинді жіктері, адамның қалыпты иммуноглобулині (IgG + IgA + IgM), цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин, гепатит В-ға қарсы иммуноглобулин).





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1060 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...