Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүкті әйел ағзасындағы жалпы өзгерістер



Жүктілік кезіндегі көптеген өзгерістер барлық жүйелер мен ағзаларды қамтиды. Әйел ағзасындағы кейбір өзгерістер әйелді алғаш тексере бастағанда-ақ, ал кейбірі арнайы және күрделі тексеруден өткеннен кейін барып байқалады. Мысалы, ішкі секреция бездерінің жұмысы.

Жүктілікке байланысты, барлық физиологиялық құбылыстар тіріліп, жалпы ағза түлейді. Жүйелер мен ағзалардың қызметі өз қорларын пайдалану мүмкіншілігі арқылы жүзеге асады, кейде қалыптан тыс жағдайда өтуі мүмкін.

Жүкті әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістерді шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады:

1. Жалпы өзгерістер.

2. Жыныс аймағындағы өзгерістер.

Жүкті әйелдің сырт бейнесі, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында қатты өгереді. Көп әйелде бет бейнесі жартысында қатты өзгереді. Көп әйелде бет бейнесі дөрекіленіп, аяқ-қолдары, бет сүйегі, жақтары үлкейеді.

Іш үлкейген сайын омыртқа сүйектері түзеліп, иық пен желке артқа қарай шалқаяды. Осының бәрі олардың жүріс-тұрысын өзгертеді. Шекспир айтқандай, “жүктілердің тәкаппар жүрісі” пайда болады. Жүктілік кезінде жамбас сүйек қосылыстарында қашанда қатты өзгерістер, әсіресе шат қосылысының жан-жаққа ажырауы байқалады.

Тері қабаттары да өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді. Іштің төменгі жағында, шат аймағында, жамбаста және сүт бездерінде шамадан тыс май жинала бастайды. Терінің көбірек созылған жерлерінде жүктілерге тән жолақтар, терісіне тән қоңыр түсті дақтар пайда болады. Дақ, әсіресе, бетте айқын көрінеді, сонымен бірге іштің ақ жолақтарында, емшек ұшында, айналасында, қынап қабырғаларында, емшек бездерінде, көктамырдың кеңеюі мүмкін. Әдетте, ол босанғаннан кейін қалпына келеді.

Жүктілік кезінде әйел салмағы артады, ол жатырдың, іштегі ұрықтың өсуіне, май талшықтарының жиналуына, сүт бездерінің өсуіне, қан көлемінің ұлғаюына, тканьде судың жиналуына байланысты. Жүкті кезде дененің жалпы салмағы орташа есеппен 10-11 кг артады, ұрықтық салмағы, плацента, су – 5 кг; жатыр, сүт бездері 1,4-1,8 кг ұлғаяды, таза қоспа 3,6 – 4,4 кг болады. Ал 90% жүкті әйелдерде босанардан үш-төрт күн бұрын салмағы орта есеппен 1 кг шамасында кемиді. Сонымен қатар әйелдің дене қызуы әдетте 37-37,20С-ге көтерілуі мүмкін. Сүт бездерінің қызметі артып, көлемі ұлғаяды. Жүктіліктің екінші жартысында уыз пайда болады.

Жүкті әйел ағзасының тіршілік етуі ұрықтың дамуы үшін оңтайлы жағдайлар туғызуға және қамтамасыз етуге бағытталған. Ұрықтанған аналық жұмыртқаның имплантациясынан бастап баланың тууына дейін ұрықтың талаптары үнемі өсіп отырады. Ол ана ағзасынан өзінің дұрыс дамуын қамтамасыз ететін бейімделуші-компенсаторлы механизмдерді жетілдіруді талап етеді. Ұрық оттегінің, ақуыздардың, майлардың, көмірсутегінің, дәрумендердің, минералды және басқа өмірге қажетті маңызды заттардың қажетті мөлшерін анасынан алады. Ал ұрықтың тіршілік әрекетінің өнімдері ана ағзасына келіп түсіп, оның бөлу жүйесімен шығарылады. Үнемі алмасып отыратын осы процестер жүктіліктің түрлі мерзімдеріне тән гомеостаздың және гомеостазы анықталмайтын дені сау жүкті емес әйелдің жаңа деңгейін белгілейді.

Жүктілік мерзімі бойында әйел ағзасы әрекетінің қайта құрылуы орталық жүйке жүйесінен бастап, тірек-қозғалыс аппаратына дейін барлық мүшелер мен жүйелерді қамтиды. Зат алмасудың барлық түрі өзгереді.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 11640 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...