Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Культивирлеу (өсіру) үшін тиімді жағдайлар



Культивирлеудегі микроорганизмдердің физиологиялық күйіне үлкен әсер ететін температура. Бұл ең алдымен өсудің өзгеруінде білінеді. Өсу жылдамдығының температураға тәуелділігі экстремалды мінезге ие болады, сонтықтан да әрбір продуцент өзінің оптималды температурасында өсуі жөн. Топырақта, суда, ауада өмір сүруші микроорганизмдер әдетте 25-300 температурада жақсы өседі, ал жануарлар тканьдерінен бөлініп алынған микроорганизмдер, ал жануарлар тканьдерінен бөлініп алынған микроорганизмдер 370С температурада өсіп үздік сорт береді. Микроорганизмдердің біреулері термофильдер болып, 40-450С-да жақсы дамиды. Температуралары жоғары оптималды культивирлеудің техникалық жетістіктері бар. Өйткені мұндай температурада әдетте инфицирлеуші микрофлораның өсуі тежеледі. Өнеркәсіптік жағдайларда ферменттерді үлкен мөлшерде қолданғанда культивирлеу процессі жылу бөлінуімен бірге жүреді. Субстраттың қышқылдануында микроорганизмдерден алынған жалпы энергия мөлшерінен клеткалардың өсуі мен көбейуіне 40-45℅-дан көп кетпейді. Ферментаторды өсіретін оптималды температураны ұстап тұру үшін жылуалмастырғыш қондырғылармен жабдықтайды. Олар змеевиктармен, рабушкаларм ен және т.б.

Өңдірістің техника экономикалық эффектісінің көзқарасы бойынша культивирлеудің оптималды температурасы ең үлкен өсу жылдамдықпен қамтамасыз ететін температурамен сәйкес келмеуі мүмкін. Биосинтез процессі кезіндегі бөлініп шыққан жылуға кеткен шығын жоғары температурада өсетін микроорганизмдер штаммдарының селекциясы мен ізденуіне кетеді. Алайда егер де доғары температурларда культивирлеуде клеткаоар бөлініп шығарған жылу мөлшері көбейсе, онда мұндай штаммдарды өңдірісте қолдану аз. Сонымен қатар культуралдық ортада температураның көбейуінде оттегінің еруінің азаюын да ескеру жөн.

рН ортаның жеткілікті үлкен диапазонда өзгеруі микроорганизмдердің өсуі үшін қолайлы болады. Бірақ та түрлерге байланысты рН-тың 4-тен 9-ға дейінгі аймақта өздерінің оптималды қышқылдық орталары болады. Мысалы, бактериалдық культуралар үшін рН әдетте нейтралдыға жақын, ал ашытқылар үшін оптималды орта ретінде рН=4⁄6 болады. Стерильді емес ашытқы өңдірісінде бөтен микрофлорадан салыстырмалы тазалығы рН ортасының мәні 4 те 4, 5 аралығында өсірілуімен түсіндіріледі. Әдеттегі қаолданылатын 1,0*106 Па диапазонындағы қысым клеткалардың өсуі мен метаболизміне әсер етпейді. Микроорганизмдерді практикалық тәжірибеде (0, 5⁄1, 0)106 Па-да және одан аспайтын қысымда өсіреді. Қысымның циклды өзгеруінің әсері туралы әлі мағлұматтар жоқ, мысалы коллонды қондырғылардағы ортаның циркуляциясында 1, 0*107 Па және одан да жоғары қысымда микроорганизмдердің көпшілігінің көбеюі мен өсуін баяулатады.сонымен қатар жоғарғы гидростатикалық қысым клеткалардың мембраналарын цитоплазмалық гидростатикасына кері әсерін тигізеді. Микроорганизмдердің өсуі мен дамуына және биосинтездің жүруіне ферментатордың жылумассаалмасуының жағдайы сонымен қатар көбіне анықталып жатқан процесстердің гидродинамикалық жағдайлары үлкен әсер етеді.

№ 5 дәріс





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 3582 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...