Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі



Микроорганизмдер Суда сақталатын мерзімдері,күн
Дәріленіп тазартылған Сутартқыш Құдық Өзен
Ішек таяқша құты 8-365 2-262 - 21-183
Ішсүзек қоздырушысы 6-365 2-93 1,5-107 4-183
Паратиф Б қоздырушы 39-167 27-97 - -
Оба вибрионы 2-72 15-27 - 12-92
Дизентерия қоздырушы 3-392 4-28 1-92 0,5-92
Лептоспирлер   - 7-75 150- дейін
Туляремия қоздырғышы 3-15 92-дейін 12-60 7-91

Патогенді микроорганизмдердің суда тірі қалуы судың құрамына, биологиялық субстраттың өсіп-өнетін азығының болуы мен концентрациясына, микроб клеткаларының қасиеттеріне судың температурасына, күн сәулесінің күшіне және басқа да факторларға байланысты.

Жер шары халқының жартысына жуығы өзінің тіршілігіне толығымен қажетті тұщы судың мөлшерін жұмсайтын мүмкіндіктері жоқ. Тұрғындар саны 3миллионнан асатын қалаларда тәулігіне қолдануға кажетті су мөлшері 2 млн. м3, ал жыл бойына — 1 км3 шамасында. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсуде. Табиғи таза су қазіргі кезеңде маңызды ұттық байлықтың көзіне айналып отыр. Су ресурстарын қолдану, оның тазалық жағдайына бақылау жасау, сонымен бірге басқа да оларға қатысты мәселелерді шешу тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес халықаралық бірлесіп қарастыруды талап етеді.

Су проблемасы қазіргі шақта біраз елдердің (Африка, Таяу Шығыс, т. б.) экономикалық дамуына тежеуші факторлардың біріне айналып отыр. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3 таза судан айрылуда. Егер жағдай осы бағытта кете беретін болса, XXI ғасырдың ішінде негізгі стратегиялық ресурс мұнай емес, таза су болатынына күмән жоқ. Қазірдің өзінде судың жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болып отыр.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 1553 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...